Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Жаңалықтар  
2011 жылы орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу үшін Министрлік өкілдерімен өткізілген семинар туралы
18.02.2011 

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары М.Ә. Бектемесовтың төрағалық етуімен 2011 жылы 17 ақпанда сағат 16.00-де орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу үшін тағайындалған Министрлік өкілдері (бұдан әрі – Министрлік өкілдері) үшін семинар-кеңес өткізілді.

Министрлік өкілдеріне іссапар барысында «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарын педагогикалық жұртшылық арасында кеңінен насихаттау туралы нұсқау берді.

«2011 жылы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 5 бұйрығына сәйкес МАБ үш кезеңмен өткізіледі.

1-кезең – Астана қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары;

2-кезең – Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;

3-кезең – Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары.

Сонымен қатар, Министрлік өкілдеріне өңірлерде МАБ-ты ұйымдастыру және өткізу технологиясы мен нұсқаулығының басты бағыттарына қатысты түсінік берілді, сондай-ақ үлестірмелі материалдар таратылды.

Министрлік өкілдерінің тарапынан қойылған сұрақтарға Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қызметкерлері жауап берді.






  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-22-14 Факс: +7 7172 74-23-78