Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Жаңалықтар  
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің Ұлттық аккредиттеу орталығына жасаған іс сапарының туралы
08.11.2010 

2010 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі Б. Жұмағұлов, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Б. Әбдрәсілов, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры С. Өмірбаев, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасарлары М. Байжұманов пен М. Бектемесов, Министрдің кеңесшісі О. Яновская ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығында (бұдан әрі – Орталық) болды.

Бұл сапардың мақсаты – Орталықтың қызметімен танысу.

Министрліктің өкілдері Орталықтың материалдық-техникалық базасымен, әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмыстарымен танысты.

Өз кезегінде, Орталық директоры Н. Шаханова Орталықтың әзірлеген және жариялаған жоғары білімді институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу стандарттарын, медициналық жоғары оқу орындарын институционалдық аккредиттеу стандарттарын, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу стандарттарының жобаларын, Орталық шығаратын «Қазақстандағы жоғары білім. Аккредиттеу және нострификациялау» атты журналын, сыртқы сараптау комиссиясының жоғары оқу орындары қызметін сыртқы бағалауы бойынша шолу-есептерін, жоғары оқу орындарының 2007-2008 жылдардағы жетекші рейтингісінің жарияланған материалдарын, 2009-2010 жылдары бакалавриат бойынша білім бағдарламаларын жүзеге асырған жоғары оқу орындарының рейтингісін көрсетті.

Оларға ҚР Білім және ғылым Министрі Б.Жұмағұлов мынадай міндеттер қойды:

- жоғары оқу орындарының категориялылығын анықтайтын нақты өлшемдерді әзірлеу;

- аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру бойынша халықаралық тәжірибені меңгеру;

- жоғары оқу орындарының өзін-өзі бағалау бойынша есептерін талдау және оларды құрастыру бойынша талапты күшейту;

- ұлттық аккредиттеуден және шетелдік агенттіктерде танылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарының аттестаттаудан аккредиттеуге өту сатыларын анықтау;

- білім сапасын сыртқы және ішкі бағалау саласында семинарлар, тренингтер өткізу бойынша жұмысты белсенділендіру,

  • «Білім беру туралы» заң жобасының аккредиттеу саласына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс тобының құрамына қатысу.






  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-22-14 Факс: +7 7172 74-23-78