Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Жаңалықтар  
Диссертациялық кеңестер төрағаларымен республикалық мәжіліс туралы
01.11.2010 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2010 жылғы 28 қазанда елімізде ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау және диссертациялық жұмыстарды сараптау талаптарын жетілдіру мәселелері бойынша диссертациялық кеңестер төрағаларымен республикалық мәжіліс өткізді.

Мәжіліске Қазақстандағы 157 диссертациялық кеңестің 153 кеңесінен төраға, төраға орынбасарлары және ғылыми хатшылар қатысты.

ҚР БжҒМ Жауапты хатшысы Б.С. Әбдірәсілов алғы сөзінде диссертациялық кеңестер қызметінің мерзімі аяқталуына байланысты соңғы кезде ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы дайындау мәселесі өте маңызды болып тұрғанын атап өтті.

Диссертациялық кеңестердің, жетекші ұйымдардың, оппоненттердің шынайы түрде жұмыс істемеуі, субъективтік факторлардың басымдылығы әсерінен диссертациялар қорғалуы жаппай, шулы түрде жағымсыз жағдай тудырумен өтуде.

ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің төрағасы Н.Б. Қалабаев баяндама жасады. Баяндамада диссертациялық жұмыстарға сараптау жүргізіу анықталған негізгі ереже бұзушылықтар туралы айтылды: плагиат анықтаулы; қайталап өткізілетін қорғауларға жедел қабылдау; қарастырылудан ізденушілердің жеке өтініші бойынша алып тастау; сараптау кеңестер мәжілістеріне мемлекеттік қызметкерлерді шақырмай ғылыми дәрежелерде жедел бекіту; дискеңестердің ашық, жариялылық тұрде жұмыс істеу ережесінің бұзылуы. Барлық диссертациялық кеңестердің қызметін тексеру нәтижесінде тоғыз кеңестің қызметі тоқтатылды.

Казіргі кезде Министрлік диссертациялық кеңестерге қойылатын талаптарды күшейту жөнінде шаралардың жүйелі кешені дайындалды; диссертациялық жұмыстардың сараптамасын күшейту; сараптау кеңесттерде ғылыми сараптаманың шараларды жетілдіру; диссертациялық кеңестердің қызметін бақылауды қүшейту. Сонымен бірге, диссертациялық жұмыстарды қарау барысында ашықтық, жариялылық, объективтілік принциптерін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық сараптау Кеңесі құрылды, оның негізгі міндеті диссертациялық жұмыстардың нормативтік талаптарға сәйкестілігіне алдын-ала сараптау жүргізу және өтпелі кезеңде сараптау кеңестерінде диссертациялық жұмыстарды қарау барысының әрі қарай жетілдірілуі бойынша ұсыныстар дайындау.







  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-22-14 Факс: +7 7172 74-23-78