17.11.2009 2009 жылғы 11-12 қараша күндері Бішкек қаласында ЕурАзЭҚ-тің Интеграциялық комитеті Білім туралы кеңесінің отырысы болып өтті.
Отырыстың жұмысына ЕурАзЭҚ-ке мүше-мемлекеттердің Білім (және ғылым) министрліктерінің, атап айтқанда Ресейдің, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікістан Республикаларының өкілдері, ЕурАзЭҚ-тің Интеграциялық комитеті Хатшылығының, ТМД-ға мүше мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының өкілдері, Қырғыз Республикасының жоғары оқу орнының ректорлары қатысты.
Аталған іс-шараның жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Н.Б.Қалабаев қатысты.
Отырыстың негізгі мәселесі - ЕурАзЭҚ-ке мүше-мемлекеттердің білім саласындағы ынтымақтастығы және Қоғамдық ұйымдардың шешімін тарату, Білім саласындағы ЕурАзЭҚ-тің тереңдетілген интеграциялық бағытын дамыту.
Сондай-ақ күн тәртібінде 10 сұрақ талқыланды. Соның ішінде: ЕурАзЭҚ-ке мүше-мемлекеттердің жоғары білікті педагогикалық және ғылыми кадрларды аттестаттау жүйесінің интеграциялық жағдайы мен келешегі; ЕурАзЭҚ-тің білім саласындағы ынтымақтастығы бөлімінің басты бағыттарының дамуын таратылуын 2008-2010 және келесі жылдардағы іс-шаралардың орындалуы туралы; ТМД-ға мүше мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының және ТМД-ға мүше-мемлекеттердің білім саласындағы ынтымақтастығы бойынша Кеңестерінің өзара бірлігі және т.б.
<dl><dd>
Қазақстан жағынан жоғарыда көрсетілген сұрақтар бойынша нақты ұсыныстар берілді.
</dd><dd>
Отырысқа қатысушылар ЕурАзЭҚ-ке мүше-мемлекеттердің білім саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту туралы келісімге келді.
</dd></dl>
|