Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Жаңалықтар  
«Жоғары оқу орындарына қабылдау және тестілеуді дамыту» тақырыбындағы Ортаазиялық форумы туралы
12.11.2009 

2009 жылғы 5-6 қарашада Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкек қаласында «Жоғары оқу орындарына қабылдау және тестілеуді дамыту» тақырыбындағы Ортаазиялық форум өтті.

Форум тестілеу негізінде өткізілетін жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын өткізудегі әр түрлі елдердің тәжірибесімен алмасу және осы процесті одан әрі жетілдірудегі қатынастарды айқындау мақсатында өткізілді.

Білім беру сапасын бағалау жүйесін құру туралы Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Ресей және АҚШ өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі атынан Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті және Ұлттық тестілеу орталығы өкілдері сөз алды.

Форум шеңберінде секция жұмысына қатысушылар Қырғызстанда 2002 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан Жалпыреспубликалық тестілеумен, Ресейдегі мемлекеттік бірыңғай тестілеуімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы ұсынған Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің технологиясымен, Тәжікстандағы жоғары оқу орындарына түсу кезіндегі ұлттық тестілеу жүйесінің тұжырымдамасымен танысты, тестілеуді және жоғары оқу орындарына қабылдау процесін жетілдіру мәселелері бойынша пікірталастарға қатысты.

Форумды ұйымдастырушылар Қырғыз Республикасының Білім министрлігі, ЮСАИД және Қырғыз Республикасының білім беру мен оқытудың әдістемесін бағалау орталығы болып табылады.






  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz