Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Жаңалықтар  
ЕурАзЭҚ-тің Интеграциялық комитетіне қарасты Білім туралы кеңесінің жұмыс тобы отырысының өткізілуі туралы
05.10.2009 

2009 жылғы 29-30 қыркүйек күндері Алматы қаласында ЕурАзЭҚ-тің Интеграциялық комитетінің Ғылыми дәрежелер мен атақтарды, білім туралы құжаттарды тану туралы кеңесі жұмыс тобының отырысы (бұдан былай - Кеңес) болып өтті.

Отырыстың жұмысына ЕурАзЭҚ-тің Интеграциялық комитеті Хатшылығының қызметкерлері және лауазымды тұлғалар, арнайы шақырылғандар, жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Отырыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Халықаралық ынтымақтастық және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы - Ділімбетова Ғайни Қарекеқызының төрағалық етуімен өтті.

Жұмыс тобы күн тәртібіндегі мәселелермен бірге мына сұрақтарға:

  • 1998 жылғы 24 қарашадағы Ғылыми дәрежелер мен атақтарды, білім туралы құжаттарды тану туралы келісімге өзгерту енгізу хаттамасының жобасын;

  • ЕурАзЭҚ-ке мүше-мемлекеттердің білім беру ұйымдарындағы /мекемелеріндегі (білім беру бағдарламалары) аттестация және/немесе аккредитация саласындағы ынтымақтастық туралы келісімінің жобасына тоқталды.

Жұмыс тобы сұрақтарға қатысты мына шешімді қабылдады:

1. ЕурАзЭҚ-ке мүше-мемлекеттердің ғылыми дәрежелер мен атақтарды, білім туралы құжаттарды тану туралы Үкіметаралық келісімінің жаңа редакциясын талқылау маңызды деп есептелсін.

2. Отырыстың барысында жұмыс тобының дайындаған ЕурАзЭҚ-ке мүше-мемлекеттердің ғылыми дәрежелер мен атақтарды, білім туралы құжаттарды тану туралы Үкіметаралық келісімінің жобасын негіз етіп қабылдансын.

3. 2009 жылғы 20 қазанға дейін ЕурАзЭҚ-ке мүше-мемлекеттердің ресейлік және қазақстандық тараптары білім беру жүйесінің модульдік жинақтарының мәліметтерін дайындасын.

4. ЕурАзЭҚ-тің Интеграциялық комитеті Хатшылығына Тараптар мүше-мемлекеттер азаматтарының тең құқығын ұсыну туралы 1998 жылғы 24 қарашадағы келісіміне, экономикалық және гуманитарлық салаларының интеграциясын тереңдету туралы оқу орындарына қабылданған 1996 жылғы 29 наурыздағы Келісіміне ұсыныстар берсін.

5. ЕурАзЭҚ-ке мүше-мемлекеттердің білім беру ұйымдарындағы /мекемелеріндегі (білім беру бағдарламалары) аттестация және/немесе аккредитация саласындағы ынтымақтастық туралы келісімінің жобасын осы талқылау есебінен қабылдасын.

6. Талқыланған Жобаны осы жылдың 11-12 қарашасында Бішкек қаласында Кеңестің 17-ші отырысының күн тәртібіне негіз етіп қабылдасын.






  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz