Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Жаңалықтар  
2009 жылдың 25-26 маусымындағы тақырыбындағы халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар туралы
29.06.2009 

„ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің халықтары тілдерінің игерілу деңгейін бағалаудың қазіргі әдіс-тәсілдері“

тақырыбындағы халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар туралы

 

2008-2010 және одан әрі жылдарға арналған ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттерінің білім саласындағы ынтымақтастығының Басым бағыттарын жүзеге асыру шаралары Жоспарының „Орыс тілін және ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің тілдерін зерттеуді қолдау“ деп аталатын 5 тармағын жүзеге асыру мақсатында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің базасында 2009 жылдың 25-26 маусымында Алматы қаласында „ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің халықтары тілдерінің игерілу деңгейін бағалаудың қазіргі әдіс-тәсілдері“ деген тақырыпта халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.

 

Семинарды негізгі ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, ЕурАзЭқ Интеграциялық Комитетінің Хатшылығы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті.

Семинарды ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Найман Бөбейұлы Қалабаев құттықтау сөз айтып бастады және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ректоры профессор Құнанбаева Сәлима Сағиқызы баяндама жасады.

Семинарда мынадай маңызды мәселелер қарастырылды:

  • Аймақтық білім жүйесіндегі тіл саясатының көрінісі;

  • Тіл мәдениет феномені және полиэтникалық әлемдегі байланыстың әдіс-тәсілі ретінде;

  • Оқушылардың мәдениаралық-коммуникативтік өкілеттілігін қалыптастыруда ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің халықтары тілдерінің игерілу деңгейін бағалаудың қазіргі әдіс-тәсілдері;

  • ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің халықтары тілдерінің игерілуінің квалиметриялық өлшемдерінің негізгі механизмдерінің ғылыми-теориялық негіздері;

  • ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің халықтары тілдерінің игерілу деңгейін бағалаудың жалпыеуропалық және ұлттық жүйесінің үйлесімділігі;

  • Ақпараттық білім үрдісінің жағдайында ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің халықтары тілдерінің игерілу деңгейін бағалау.

Семинарда Беларуссия Республикасынан, Қазақстан Республикасынан, Ресей Федерациясынан және Еуразия Экономика Қауымдастығының Интеграциялық Комитетінің Хатшылығынан өкілдер, ЕурАзЭҚ мүше-мемлекетінің жоғары оқу орындарының басшылары қатысты. Семинардың материалдары „ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің халықтары тілдерінің игерілу деңгейін бағалаудың қазіргі әдіс-тәсілдері“ деп аталатын ғылыми жинақта жарық көрді.

Жалпы мәжіліске қатысқандар тарапынан „Орыс тілін және ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің тілдерін зерттеуді қолдауды“ әрі қарай дамыту қажеттігі туралы өзара келісім қолдау тапты.






  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz