Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Жаңалықтар  
ТМД қатысушы-мемлекеттердің Білім министрлерінің XVI Конференциясының...туралы
19.05.2009 

ТМД қатысушы-мемлекеттердің Білім министрлерінің XVI Конференциясының, “Кәсіптік-техникалық білім және

білімнің тұрақты дамуы үшін” Халықаралық

конференциясының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің білім беру саласындағы

ынтымақтастық жөніндегі Кеңесінің XXII отырысының,

ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің Білім министрлерінің II Мәжілісінің өткені туралы

 

2009 жылдың 13-16 мамырында Минск қаласында (Беларуссия Республикасы) ТМД қатысушы-мемлекеттердің Білім министрлерінің XVI Конференциясының, “Кәсіптік-техникалық білім және білімнің тұрақты дамуы үшін” Халықаралық конференциясының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңесінің XXII отырысының, ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің Білім министрлерінің II Мәжілісі өтті.

Аталған шараның жұмысына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінен Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы - Н.Б. Қалабаев, Кәсіптік-техникалық білім департаментінің директоры - Қ.Қ. Бөрібеков, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Талдамалық және халықаралық ынтымақтастық жұмыстар басқармасының бастығы - Ғ.К. Ділімбетова қатысты.

ТМД қатысушы-мемлекеттердің Білім министрлерінің XVI Конференциясының (2009 ж. 14 мамыры) Күн тәртібі бойынша.

Конференцияның жұмысына Министрлер және ТМД 7 Білім (және ғылым) министрліктерінің өкілдері, оның ішінде Армения Республикасы, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Украина, ТМД Атқарушы комитетінің, ТМД қатысушы-мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығының Мемлекетаралық қорының, ТМД қатысушы-мемлекеттердің базалық ұйымдарының өкілдері, Беларуссия Республикасының жоғары оқу орнының ректорлары қатысты. Мәжіліс Беларуссия Республикасының Білім және ғылым Министрі А.М. Радыковтың төрағалық етуімен өтті.

Осы Конференцияда 10 мәселе талқыланды, оның ішінде білім және ғылым саласындағы 2020 жылдарға дейінгі кезеңге арналған ТМД экономикалық дамуының Стратегиясы, ТМД қатысушы-мемлекеттерінің білім саласындағы оқытушы-қызметкерлерінің I Съезін өткізу туралы Тұжырымдамалар мен Бағдарламалардың жобалары, 2009 жылы өтетін - Жастар жылы және 2010 жылы өтетін — Ғылым және инновация жылы шаралары, ШЫҰ және ТМД елдерінің білім саласындағы өзара болатын байланыстар механизмдері, ТМД және ЮНЕСКО білім министрлерінің әрі қарай ынтымақтастығын арттыру мәселелері т.б.

ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің Білім министрлерінің II Мәжілісінің (2009 ж. 15 мамыры) Күн тәртібі бойынша.

Мәжілісте 3 мәселе қаралды, оның ішінде ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің білім саласындағы ынтымақтастығы және осы саланың құрамын тереңдетуге бағытталған Қауымдас органдардың шешімдерін жүзеге асыру шаралары. Қазақстандық жағынан осы аталған шаралар бойынша ұсыныстар жасалды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңесінің XXII отырысының (2009 ж. 15 мамыры) Күн тәртібі бойынша.

Кеңестің мәжілісінде 16 мәселе талқыланды. Негізінен, жоғары оқу орындарының білім сапасын басқару жүйелерін және білім мен білім стандарттарында стандарттаудың даму тенденциясын салыстыру, ТМД қатысушы-мемлекеттердің білім мекемелерін аккредиттеу үрдісін үйлестіру, ТМД қатысушы-мемлекеттердің жоғары оқу орындары филиалдарының қызметтері және құрылу тәжірибелерін жетілдіру мәселелері басты назарға алынды. Қазақстандық жақтан әрбір мәселе бойынша нақты ұсыныстар мен нұсқаулықтар жасалынды.

Сондай-ақ, ТМД қатысушы-мемлекеттердің білім саласындағы ынтымақтастығы бойынша кезекті Кеңесті Мәскеу қаласында өткізу туралы шешімді қолдады.

Кәсіптік-техникалық білім және білімнің тұрақты дамуы үшін” Халықаралық конференциясының (2009 ж. 14-15 мамыры) Күн тәртібі бойынша.

Мәжілістің жұмысына Армения Республикасының, Беларуссияның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Ресейдің және Украинаның, ЮНЕСКО-ның уәкілеттік өкілдері, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің, Еуропалық Білім Қорының (ЕБҚ) өкілдері қатысты.

Конференцияда модернизация тәжірибесіне, дамудың қазіргі тұжырымдамасына, біліктілік талаптардың үйлесімділігіне, ұлттық жүйені басқару және жоспарлау, кәсіптік-техникалық білімнің (КТБ) тұрақты дамуы үшін араласу мен инвестицияның даму мәселелері басты назарға алынды.






  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz