Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Жаңалықтар  
Шанхай ұйымдары ынтымақтастығының білім саласындағы сарапшыларының кездесуі туралы
23.12.2008 

2008 жылдың 11-12 желтоқсанында Пекинде Шанхай ұйымдары ынтымақтастығының білім саласындағы сарапшыларының кездесуі өтті.

 

Отырысқа Қазақстан Республикасынан Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Төрағасы Найман Бөбейұлы Қалабаев қатысты.

Сонымен қатар, отырысқа Қытай Халық Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжік Республикасының және Ресей Федерациясының Білім Министрліктерінің өкілдері, Хатшылық қызметкерлері қатысты. Отырысқа Н.Б.Қалабаев төрағалық етті.

Сараптау Кеңесі кезекті отырыстың күн тәртібіне енгізілген 4 мәселені қарастырды, оның ішінде ШҰЫ білім саласындағы 2009-2010 жылдар аралығындағы мүше-мемлекеттік өкімет аралық ынтымақтастығының Келісімін жүзеге асыру шаралары Тізімінің жобасы сәйкестендіріліп, ШҰЫ білім саласындағы ынтымақтастығы туралы мүше-мемлекеттердің білім министрінің жыл сайынғы баяндамасының құрылымы туралы, ШҰЫ Университетінің тұжырымдамасын әрі қарай жүзеге асыру туралы, ШҰЫ мүше-мемлекеттерінің жетекші жоғары оқу орындарын іріктеу өлшемдерін анықтау, жоғары оқу орындарының басты желісі ретінде ШҰЫ Университетінің шегінде мамандарды даярлаудың бағыттарын сәйкестендіру мәселелері қарастырылды.

Сараптау Кеңесі қатысушы-жоғары оқу орындарының күшін мынадай бағыттарда нығайтуды жөн санайды:

- «ШҰЫ жоғары оқу орындарындағы лингвистика және мәдениаралық коммуникация» инновациялық оқу-білім бағдарламасын құру (ИОБ);

  • ШҰЫ шегінде лингвистикалық жоғары оқу орындарында біртұтас білім жүйесін құру;

  • «ШҰЫ жоғары оқу орындарындағы лингвистика және мәдениаралық коммуникация» инновациялық оқу-білім бағдарламасынының (ИОБ) халықаралық бағдарламаларға қатысуын және шетелге шығатын мамандарды даярлаудың жобасын тиімді жүзеге асыруы үшін бағдарламалық-әдістемелік және ақпараттық жобалар командаларының қызметін ұйымдастыру;

  • семинарға қатысушы-жоғары оқу орындарының халықаралық ұйымдармен тиімді ынтымақтастығын жүзеге асыру;

  • ШҰЫ білім қауымдастығындағы ұлттық жоғары мектеп жүйесінің құрамдастығын және академиялық мобильділігін қамтамасыз ету.

Жоғарыда келтірілгендерді ескере отырып, отырысқа қатысқандар мынадай шешім қабылдады:

1. ШҰЫ ұйымдастырушы-атқарушы тобы құрылсын.

2. Келесі семинар-отырыс ШҰЫ мүше-елдерінің жоғары оқу орындарының қатысуымен 2009 жылы Мәскеу қаласында өткізілсін.

Жалпы мәжіліске қатысқандар ШҰЫ қатысушы-елдерінің білім саласындағы ынтымақтастығының дамуының дұрыстығына көз жеткізді.






  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz