Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Жаңалықтар  
ЕурАзЭҚ-ның ИК-те ғылыми дәрежелер мен атақтар, білім туралы құжаттардын баламалығы және озара танылуы бойынша кеңестің XV отырысы туралы
02.12.2008 

20.11.08 және 21.11.08 күндері Душанбе қаласында ғылыми дәрежелер мен атақтарды, білім туралы құжаттарды тану және баламалылығы туралы ЕурАзЭҚ-тің Интеграциялық комитетінің ХV кеңесі (бұдан былай - Кеңес) болып өтті.

 

Қазақстан Республикасынан бұл отырысқа Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Халықаралық ынтымақтастық және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы - Ділімбетова Ғайни Қарекеқызы, Ұлттық аккредиттеу орталығының білім туралы құжаттарды сараптау бөлімінің бастығы - Сағиева Айгүл Хасенқызы қатысты.

Сонымен қатар бұл отырысқа ЕурАзЭҚ-қа мүше-мемлекеттердің Білім (және ғылым) министрліктерінің өкілдері, жоғары қызметті тұлғалар және ЕурАзЭҚ-тің Интеграциялық комитеті Хатшылығының қызметкерлері қатысты. Жиналыс Тәжікстан Білім министрінің Бірінші орынбасары Фарход Қадырұлы Рахимовтың төрағалық етуімен өтті.

Кеңес кезекті отырыстың күн тәртібіне енгізілген 11 сұрақты қарастырды, соның ішінде Кеңестің Жауапты хатшысын сайлау туралы, Кеңестің XIV отырысындағы шешімінің орындалуын, ЕурАзЭҚ-ке мүше-мемлекеттердің білім саласындағы ынтымақтастығы бағытына байланысты маңызды іс-шаралар жоспарын, ЕурАзЭҚ-ке мүше-мемлекеттердің ғылыми дәрежелер мен атақтарды, білім туралы құжаттарды тану саласындағы ынтымақтастықты қалыптастыруды, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды танудағы Келісімнің іске асырылуын, ЕурАзЭҚ-тің Интеграциялық комитетінің Білім туралы Кеңесінің жобасы туралы мәселелер қарастырылды.

Кеңес осы сұрақтар бойынша мынандай шешім жасады:

  • Кеңестің жауапты хатшысына Альмұхамбетова Шолпан Көкенқызын тағайындау;

  • ЕурАзЭҚ-ке мүше-мемлекеттердің білім саласындағы ынтымақтастығы бағытына байланысты 2008-2010 жж. және кейінгі жылдардағы басым сипатты іс-шараларды оңтайландыру және түзету, олардың мерзімін іс-шаралар жоспарын толықтыру, іске асырылу мерзімін белгілеу.

  • ғылыми дәрежелер мен атақтарды, білім туралы құжаттарды тану тәртібін жеңілдету сұрақтарын толықтыру;

  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастықтың мемлекетаралық қорымен ЕурАзЭҚ-тің Интеграциялық комитеті Хатшылығының өзара әрекеттестігі бастамаларын мақұлдау;

  • Интеграциялық комитетінің Білім туралы Кеңесінің жобасы келесі талқылаудың есебінен мақұлдансын.

Жалпы отырысқа қатысушылар білім саласындағы, ғылыми дәрежелер мен атақтарды, білім туралы құжаттарды тануда, білім беру саласындағы білім туралы құжаттарды тануда нормативтік құжаттарды жеңілдетуде ынтымақтастығымызды ары қарай дамыту туралы келісімге тоқталды.







  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz