Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Жаңалықтар  
31.10.08 ж. жиын туралы
10.11.2008 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2008 жылы 31 қазанда Алматы қаласында жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау жүйесін жетілдіру жөніндегі мәселелер бойынша аймақтық жиын өткізілді. Жиын Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғимаратында өткізілді.

 

Ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау жүйесін жетілдіру мәселелері, ғылыми-ізденіс жұмыстарын сараптамадан өткізу сапасын жақсарту шаралары қазіргі кезеңдегі еліміздің инновациялық даму жолына, өндірісті қарқындандыру және оны технологиялық қайта жабдықталуына бағдар алған стратегиясының өзекті мәселесіне айналып отыр.

Қазақстанның ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау жүйесінде соңғы кезде күрделі өзгерістер жасалды. Диссертациялық кеңестерге, олардың құрамына және диссертацияларға қойылатын талаптар күшейтілген. «Диссертациялық кеңес туралы ережеге» және «Ғылыми дәрежелер беру ережелерінің» жаңа редакциясы бекітілді. Мысалы, кеңесте қорғалған жұмыстар бойынша екі теріс шешім болған жағдайда диссертациялық кеңестің қызметін мезгілінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданады, Интернет жүйесіндегі ресми сайтта көрсетіледі, докторлық диссертацияның негізгі нәтижелері шет елдік 3 ғылыми басылымда жариялануы керек т. б. 2008 жылы диссертациялық кеңестерді оңтайландыру мақсатында оларды біріктіру және диссертациялық кеңестерді ірілендіру жұмыстары жасалды. 2008 жылы 141 диссертациялық кеңес ашылды, ал 2007 жылы 176 диссертациялық кеңес қызмет жасаған.

 

Жиында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің төрағасы Н. Б. Қалабаев баяндама жасады. Баяндамада аттестаттау жүйесін реформалау мәселелері, диссертациялық кеңестер жүйесін оңтайландыру жұмыстары және кеңестер қызметінің кемшіліктері, диссертациялық кеңестерде сараптамадан өткізу сапасының төмендігі, тиісті басылымдардың болмауы, қорғау барысында жіберілетін кемшіліктер туралы айтылды.

Диссертациялық кеңеске қойылатын талаптардың күшейтілгенін төмендегі сандардан байқауға болады: 2000 жылы мемлекеттік орган бойынша 26 теріс шешім, ал 2006 жылы 104 шешім қабылданды. Ал Комитет былтыр 199 кемшілікті анықтады. 36 диссертация Төралқа шешімімен қайтарылды және 163 аттестациялық жұмыс нормативтік талаптардың олқылығынан кері қайтарылды. Биылғы 9 айда 170 жұмысқа теріс баға берілді: 16 жұмыс қабылданбады және 154 жұмыс кері қайтарылды.

 

Баяндамада басқа мемлекеттерде диссертация қорғаған ізденушілердің дипломдарын қайта аттестаттаудан өткізу туралы мәліметтер, МАГАТ-тың (Жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау мемлекеттік органдарының халықаралық қауымдастығының) қызметі және Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау жүйесін жетілдірудің басым міндеттері туралы айтылды.

 

Алматыда 59 жоғарғы оқу орны мен ғылыми-зерттеу институттары жанында 96 диссертациялық кеңес жұмыс жасайды. Жиын жұмысына диссертациялық кеңестердің төрағалары, ғалым хатшылары, жоғарғы оқу орындарының ғылыми жұмыстары жөніндегі проректорлары, Алматы қаласындағы ғылыми-зерттеу институттары директорларының орынбасарлары, сараптамалық кеңестердің төрағалары мен Комитет Төралқасының мүшелері және қаланың ғылыми қайраткерлері қатысты.






  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz