Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Жаңалықтар  
Білім беру қызметін лицензиялауда біліктілік талаптарын жетілдіру бойынша жұмыс тобының отырысы туралы
10.11.2011 

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ә.Ахметовтың жетікшілігімен Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырыс 2011 жылғы 8 қарашада өтті.

Топтың жұмысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті лицензиялау басқармасы мен Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті, , Ғарыштық зерттеу институты, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қызметкелерінің қатарынаң білім және ғылым саласындағы сарапшылар қатысты.

Біліктілік талаптарын қайта карау кажеттілігі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне байланысты туындап отыр.

Аталған отырыста жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудін кіші түріне қойылатын біліктілік талаптары «бакалавриат», «магистратура» және «докторантура» білім беру денгейлері бойынша қарастырылды.

Жоғары оқу орындарының білім беруді ғылым және инновациялардың білім берудің интеграциясы, ғылыми және педагогиқалық қызметің, студенттер контингенті бір оқытушыға есептегенде сәйкестігі, профессор-оқытушылар кұрамының штаттағы саны туралы сұрақтарға тоқталды.

Жұмыс тобының отырысы нәтижесінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге қойылатын біліктілік талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс әзіріленді.

Жұмыс тобының келесі отырысы орта, техникалық және кәсіптік білім беру, сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге койлатын «резидентура», «адъюнктура» біліктілік талаптарын қарастыру жоспарланған.






  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)