Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Жаңалықтар  
«Қазақ инженерлі-техникалық академиясы» мекемесінде жүргізілген жоспарлы тексеріс туралы
08.11.2011 

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы 16 қыркуйектегі №36 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 27-30 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру қызметін лицензиялау ережелерінің сақталуына байланысты, «Қазақ инженерлі-техникалық академиясы» мекемесінде жоспарлы тексеріс жүргізілді. 

Тексеріс барысында білім алушылардың контингенті, оқу-материалдық активтері, оқу зертханалар, кәсіптік-білім беру бағдарламалар, педагогикалық жүктеме және оқыту жұмыстары, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарының талаптарының орындалмауы анықталды. 

Сонымен қатар, келесі құжаттар бойынша орындалмауы анықталды:

1. Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары;

2. Жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырушы оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелері.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 311-1 бабының 4 және 6 тармақтары мен 357-2 бабының 1-тармағына сәйкес «Қазақ инженерлі-техникалық академиясы» мекемесіне 210 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды және білім беру лицензиясының жұмысы 6 айға дейін тоқтатылды.






  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)