Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Жаңалықтар  
Аумақтық департамент директорларымен өткізілген семинар-кеңес қорытындысы туралы
31.10.2011 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті 2011 жылғы 28-31 қазан аралығында жаңа құрылған аумақтық департамент директорларымен семинар-кеңес өткізді.

Комитет төрағасы С.Ә. Ырсалиев өз сөзінде елдегі білім сапасын орталықтандырылған бірыңғай бақылауды енгізу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау қажеттілігі, жергілікті жердегі жағдайлар үшін департамент басшыларының жоғары жауапкершіліктері туралы атап өтті.

 

 

Департаменттер директорлары атқарылған жұмыстар, білім беру ұйымдарындағы проблемалар туралы ақпараттар берді және оларды шешу жөнінде ұсыныстар енгізді.

Семинар-кеңес аясында ҚР БҒМ Ұлттық орталықтарының директорлары сөз сөйледі. Білім сапасын бағалау, аккредиттеу және тестілеу орталықтарының білім сапасын бағалау, нострификациялау, сыртқы емтихандар өткізу мәселелері бойынша қарым-қатынастар туралы ақпараттары семинарға қатысушылар үшін өте пайдалы болды.

 

Мемлекеттік қызметті жаңарту жағдайындағы тиімді менеджмент бойынша директорларға арналған тренингтің өзекті екендігі байқалды, өйткені аумақтарда штаттық қалыптастыру процесі жүруде және мемлекеттік бақылау мәселесімен қандай мамандардың айналысатыны өте маңызды. Тренинг барысында директорлар жұмыс күшін тиімді орналастыру үшін команда құру, кәсіптік және жеке тұлғалық қасиетін анықтау дағдыларын үйренді.

Департамент алдында тұрған міндеттерді орындауға директорлардың өздерінің дайындығын анықтау мақсатында заңнаманы білуге тестілеу өткізілді және білім сапасын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын арнайы эсседе жазу мүмкіндігі берілді.

Комиттеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары өз сөздерінде аумақтық департаменттердің қызметтерінің басымдықтарын түсіндірді. Әкімшілік-кадр жұмыстары, қаржылық қамтамасыз ету талаптарының орындалу мәселелері талқыланды.

 

 

Семинар-кеңесте көтерілген барлық сұрақтар жоғары қызығушылықпен және серпіліспен талқыланды. Жаңа мемлекеттік құрылымдардың басшылары департаменттердің міндеттерінің маңыздылығын және білім сапасын үшін зор жауапкершілік жүктелгенін сезінді.

Семинар-кеңеске қатысушылар үшін аумақтық департаменттердің қызметтерінің негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдар даярланды, қызметте қолдану үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленді.






  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)