27.10.2011 Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы 3 қазанындағы №42 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 17-21 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Білім туралы заңнамасының және Білім беру қызметін лицензиялау Ережесінің сақталуына байланысты, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде жоспарлы тексеріс жүргізілді.
Тексеріс барысында мемлекеттік жалпыға білім беру стандартының талаптары бойынша ЖОО-ның оқу-материалдық активтері, оқу жұмысы, педагогикалық жүктеме, магистратурада ғылыми тәжірибе ұйымдастыру, оқу және ғылыми зертханаларда кемшіліктер анықталды.
Білім беруді ұйымдастыруда 2007 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №638 бұйрығымен бекітілген, жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламалары және Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2007 жылғы 2 маусымындағы №452 қаулысымен бекітілген білім беру қызметін лицензиялау Ережесінің талаптарын жүзеге асыратын Оқуға қабылдаудың типтік Ережелерінің талаптары бұзылған.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 311-1 бабының 4-тармағы, 6-тармағы және 357-2 бабының 1-тармағына сәйкес 220 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды және білім беру лицензиясының жұмысы 3 айға дейін тоқтатылды.
|