Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Жаңалықтар  
«Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» білім беру мекемесінде жүргізілген тексеріс туралы
26.10.2011 

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы 3 қазанындағы №42 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 10-15 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Білім туралы заңнамасының және Білім беру қызметін лицензиялау Ережесінің сақталуына байланысты, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде жоспарлы тексеріс жүргізілді. 

Тексеріс барысында мемлекеттік жалпыға білім беру стандартының талаптары бойынша контингент, ақпараттық ресурстар, кітапхана қоры, жоғары оқу орнындағы ғылыми-зерттеу жұмысы, оқу және ғылыми зертханаларда кемшіліктер анықталды. 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымындағы №452 қаулысымен бекітілген Білім беру қызметін лицензиялау ережесінің талаптары бұзылған.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 311-1 бабының 4-тармағы, 6-тармағы және 357-2 бабының 1-тармағына сәйкес, 220 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды және білім беру лицензиясының жұмысы 6 айға дейін тоқтатылды.






  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)