Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Жаңалықтар  
Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша тестілеу өткізу
25.10.2011 

2011 жылдың 24-27 қазан аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» білім беру ұйымының Астана, Өскемен, Семей, Көкшетау, Талдықорған қалаларында орналасқан физика-математика және химия-биология бағытындағы мектептердің ұстаздар құрамы мен басқарушы қызметкерлері мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесімен тестілеу емтихандарын тапсырады.

Ұстаздар құрамы мен басқарушы қызметкерлер ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде сөйлеу әрекетінің Тыңдалым, Оқылым және Лексика-грамматикалық құрылым бөліктері бойынша тест тапсырды. Қазақ тілін меңгерудің қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары деңгейлері бойынша әрбір деңгейде тест 150 тапсырмадан тұрады, тест тапсырмаларын орындауға 150 минут уақыт беріледі. Деңгей талаптары бойынша нәтижеге қол жеткізген тестіленушілерге сәйкестік сертификаттары берілді. Тестілеу емтихандарына балығы 674 адам қатысады.






  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)