Тану және нострификациялау тәртiбi туралы ереже

  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 қыркүйекте N2477 тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің   2003 жылғы  8 тамыздағы N542 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы  10 мамырда N3633 тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі  міндетін атқарушының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N252 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар  енгізілген.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 18 тамызда N3795 тіркелген,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 16 тамызддағы N543  бұйрығымен өзгеріс енгізілген.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 17 ақпанда N4093 тіркелген,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 6 ақпанда N 58  бұйрығымен өзгеріс енгізілген.

Файылды аударып алу (154Kb)

Қазақстан Республикасында шетелдiк бiлiм беру ұйымдары берген бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау
                                                  (баламасын белгілеу) тәртiбi туралы
                                                                     ЕРЕЖЕ

 

1. Қазақстан Республикасында шетелдiк бiлiм беру ұйымдары берген бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгiлеу) тәртiбi туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) “Бiлiм туралы” Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында дайындалған және басқа мемлекеттерде, Қазақстан Республикасында құрылған халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) бiлiм алғандар үшiн жалпы орта бiлiм, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттарды тану мен олардың баламалылығын белгiлеу туралы тәртiптi анықтайды.
2. Шетелдiк бiлiм беру ұйымдары берген бiлiм туралы қүжаттарды тану астарында (бұдан әрi - бiлiм туралы құжаттар) Қазақстан Республикасының аумағында осы құжаттардың заңды түрде күшiне енуiне Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің білім және ғылым  саласындағы қадағалау және аттестатау комитетінің (бұдан әрі-Комитет) келiсiлгендiгi жатыр.
3. Білім туралы құжаттарды нострификациялау Қазақстан Республикасында құрылған халықаралық және шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында), басқа мемлекеттерде бiлiм алған азаматтарға берiлген құжаттардың баламалылығын анықтау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм.
4. Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау көрсетiлген құжаттар иелерiне Қазақстан Республикасындағы бiлiм  туралы құжаттардың  иелерiне берiлетiн сияқты академиялық және/немесе кәсiби құқықтарын ұсына алатындығын бiлдiредi.
5. Бiлiм туралы құжаттарды  тану және нострификациялаудың мақсаты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде бiлiм алған азаматтардың құқығын қорғау және алған бiлiм деңгейлерi мен даярлау деңгейіне сәйкес Қазақстан Республикасында кәсiби қызметке және/немесе бiлiм беру iсiне жол ашуды қамтамасыз ету болып табылады.
6. Комитет бiлiм  туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану және нострификациялау (баламасын белгiлеу) рәсiмiн өткізу үшін жұмыс органы ретінде «Ұлттық аккредиттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын анықтайды (бұдан әрi - жұмыс органы).
7. Жұмыс органы мынадай функцияларды атқарады:
1) осы Ережеге сәйкес бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау     рәсiмiн жүргiзедi;
2) Комитетке тану мен нострификациялаудың қосымша өлшемдерiн енгiзу  туралы, сондай-ақ бiлiм  туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсiмдерi мен тәртiбiн одан әрi жетiлдiру туралы ұсыныстармен  шығады;
2-1) құжаттардың осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексереді;
3) бiлiм  туралы құжаттарды тану және нострификациялау жөнінде шешiм қабылдауға бiлiм беру жүйесiндегi жоғары бiлiктi қызметкерлер арасынан сараптамашыларды қатыстырады;
4) бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәлiктер жазады;
5) бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәлiктердiң бланкiлерiне қатаң есеп жүргiзедi және сақтайды;
6) бiлiм  туралы құжаттарды тану және нострификациялау тәртiбiне байланысты өзге де шаралар өткiзедi.
8. Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау және тиiстi куәлiктердi беру құжат иесiнiң немесе мүдделi ұйымның (өтiнiш берушiнiң) өтiнiшi арқылы жүзеге асырылады.
9. Халықаралық шарттар (келiсiмдер) болмаған жағдайда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден алған бiлiм  туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану мен нострификациялау және тиiстi куәлiктердi беру осы Ережеде белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
10. Халықаралық шарттар (келiсiмдер)  бар болса, бiлiм  туралы құжаттар Қазақстан Республикасы аумағында танылады және жұмыс органы берген тиiстi куәлiктермен нострификациялауға жатады.
11. Бiлiм  туралы құжаттарды тану және нострификациялау жөнiндегi куәлiктер қатаң есепке  алу бланкiлерi болып табылады, орталықтандырылған баспаханалық әдiспен дайындалады, есеп сериясы және нөмiрi болады. Жұмыс органы белгiлеген тәртiппен оларды беруi кезiнде тiркелуi, есепке алынуы және сақталуы тиiс.

12. Өтiнiш берушi Комитетке бiлiмi  туралы құжаттарды  тану туралы өтiнiш бере алады.
Бiлiм  туралы құжаттарды тану туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса ұсынылады:
1) бiлiм туралы құжаттың түпнұсқасы;
2) бiлiм  туралы құжатқа (түпнұсқа) өтiлген оқу курстары мен олардың көлемi, қойылған қорытынды бағалары, практика, курстық және оқу бiтiргендегi бiлiктiлiк жұмыстарының тiзбелерi, басқа да оқу процесiн құрайтын жұмыстары көрсетiлген  қосымша;
3) бiлiм туралы құжаттардың нотариалдық (немесе дипломатиялық қызмет органы) расталған аудармасы және мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аударылған қосымшасы;
4)  бiлiм  туралы құжаттың иесiн  куәландыратын нотариалдық расталған құжаттың көшiрмесi;
5) білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның  көшірмесі, оқуорнының мөрімен расталған жалпы орта білім туралықұжаттардан басқасы (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе ресми тілде нотариалды расталған аудармасымен).
Білім беру ұйымдары берген 1) және 2) тармақшаларда көрсетілген құжаттар:
шетелдік ресми құжаттарды жария ету талаптарының күшін жоятын Конвенцияға қатысушы мемлекеттер (Гаага қаласы 1961 жылғы 5 қазан), (бұдан әрі – Гаага конвенциясы) апостильдеуден өткізілген болуы қажет;
Гаага конвенциясына қол қоймаған мемлекеттер Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгілеген тәртіппен консулдық жариялаудан өтуі қажет.
Қажет болған жағдайда өтiнiш берушiден оқу мекемелерiне сәйкес қазақстандық ресми және/немесе шетелдiк үйымдарынан нақтыналатын құжаттар сұралады. Ұсынылған ақпараттың шүбәсіздігі үшiн өтiнiш берушi немесе ақпаратты ұсынған адам жауапты.
13. Тану рәсiмiне пайдаланылған материалдар мен құжаттар мемлекеттiк және/немесе ресми тiлде расталған аудармасымен ұсынылады.
Аударманың шүбәсіздігін растауды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус және құжатты берген елдегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық органдардың қызметi жүзеге асырады. Жекелеген жағдайларда (мысалы, прецедент бойынша тану белгiленген кезде) аумағында құжат берiлген мемлекеттiң Қазақстандағы дипломатиялық органдары қызметi орындаған құжаттың аудармасы ұсынылуы мүмкiн.
14. Өтiнiш белгiленген нысандағы 1-қосымшаға сәйкес, бiлiм  туралы құжаттарды тану өтiнiштерiн тiркейтiн арнайы журналда тiркеледi. Аталған журналдың беттерi белгiленген тәртiппен нөмiрленуi және тiгiлуi керек.
15. Өтiнiш берушi ұсынған құжаттарды қарау мерзiмi барлық қажеттi материалдар келіп түскен күннен кейін, нақтыланған  ақпараттарды  есептегенде 4 аптадан аспауы керек.
16. Бiлiм туралы құжаттарды тану рәсiмi бiлiм мәселелерi жөнiндегi халықаралық келiсiмдер, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi негiзiнде өткiзiледi.
17. Бiлiм  туралы құжатты тану үшiн бiлiм туралы құжатты берген бiлiм беру ұйымы осы құжатты берген тиiстi мемлекеттiк органдармен белгiленген тәртiпте танылуы қажет.
18. Еуропалық өңiрдегi кәсiптiк жоғары бiлiм беруге қатысты (Лиссабон, 1997 ж., сәуiр) Өңірлік Конвенцияға азиялық-тынық мұхит өңіріндегі оқытуды, жоғары білім берудің дипломдарын және дәрежелерін тану туралы (Бангког, 1983 ж.) бiлiктiлiктi тану туралы конвенцияға қосылған елдердегi бiлiм беру туралы құжаттары алдын ала жүргiзiлетiн сараптамасыз белгiленген тәртiппен куәлiк берумен қоса Қазақстан Республикасында танылады.
19. Қазақстан Республикасында халықаралық шарттар мен мемлекетаралық келiсiмдер негiзiнде, сондай-ақ бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдардың арасындағы шарттардың (келiсiмдердiң) негiзiнде құрылған және әрекет ететiн аккредитацияланған халықаралық және шетелдiк оқу орындары, шетелдiк бiлiм беру ұйымдарының филиалдары берген бiлiм туралы құжаттар алдын ала жүргiзiлетiн сараптамасыз  белгiленген тәртiппен куәлiк берумен қоса Қазақстан Республикасында танылады.
20. Танылмаған бiлiм  туралы құжаттар танудан бас тарту туралы себептерi түсiндiрiлiп, өтiнiш иесiне қайтарылады.
21. Жұмыс органы Комитетке бiлiм  туралы құжаттарды тану туралы ұсыныс бере алады.
22. Бiлiм туралы құжаттарды тану туралы Комитетің шешiмi тиiстi бұйрықпен ресiмделедi.
23. Жұмыс органы бiлiм  туралы құжатты тану туралы шешiмнiң негiзiнде белгiленген нысан  бойынша 2-қосымшаға сәйкес куәлiк жазып бередi.
24. Бiлiм  туралы құжаттарды тану туралы куәлiкке Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау Комитетінің төрағасы (бұдан әрі-Комитет төрағасы) қол қояды және елтаңбалы мөрмен расталады.
25. Куәлiк өтiнiш берушiнiң жеке өз қолына немесе оның сенiмхаты бойынша басқа тұлғаға берiледi, немесе хабардар етуiмен пошта бойынша жiберiледi.
26. Шетелдiк бiлiм беру ұйымдары берген бiлiм  туралы құжаттардың сәйкестiгi кәсiптiк қызметке жiберiлер кезiнде Қазақстан Республикасындағы бiлiм  туралы құжаттарды нострификациялау негiзiнде анықталады.

27. Өтiнiш берушi Комитетке бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау жөнiнде өтiнiш бере алады.
Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса ұсынылады:
1)  бiлiм туралы құжаттың түпнұсқасы;
2) бiлiм туралы құжатқа (түпнұсқа) өтiлген оқу курстары мен олардың көлемi, қойылған қорытынды бағалары, практика, курстық және оқу бiтiргендегi бiлiктiлiк жұмыстарының тiзбелерi, басқа да оқу процесiн құрайтын жұмыстары көрсетiлген қосымша;
3) бiлiм туралы құжаттың  нотариалдық (немесе дипломатиялық қызмет органы) расталған аудармасы және мемлекеттiк немесе орыс  тiлiне аударылған қосымша;
4) бiлiм туралы құжат иесiн куәландыратын нотариалдық расталған құжаттың көшiрмесi;
5) білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның  көшірмесі, оқуорнының мөрімен расталған жалпы орта білім туралықұжаттардан басқасы (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе ресми тілде нотариалды расталған аудармасымен).
Білім беру ұйымдары берген 1) және 2) тармақшаларда көрсетілген құжаттар:
Гаага конвенциясына қатысушы мемлекеттер апостильдеуден өткізілген болуы қажет;
Гаага конвенциясына қол қоймаған мемлекеттер Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгілеген тәртіппен консулдық жариялаудан өтуі қажет.
Қажет болған жағдайда, өтiнiш берушiден, сәйкес оқу орындарынан, ресми қазақстандық және/немесе шетелдiк ұйымдарынан (өтiлген курстарын талдап сипаттау, бұдан бұрын алған бiлiмi туралы мәлiметтер және т.б.) қосымша құжаттар сұралуы мүмкiн.
Өтiнiш берушi бiлiм деңгейiн, кәсiби қызметi мен тәжiрибелiк тәлiмiн растайтын қосымша құжаттарын көрсетуге құқылы.
Ұсынылған ақпараттардың шүбәсiздiгi үшiн өтiнiш берушi немесе ақпаратты ұсынған тұлға жауапты болады.
28. Нострификациялау рәсiмiнде пайдаланылған материалдар мен құжаттар мемлекеттiк және ресми тiлдегi расталған аудармасымен қоса ұсынылады.
Аударманың шүбәсiздiгiн растауды Қазақстан Республикасы аумағындағы нотариус, құжатты берген елдегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органы  жүзеге асырады. Жекелеген жағдайларда (мәселен, прецедент бойынша баламасын белгiлеу кезiнде) құжатты берген мемлекет аумағындағы Қазақстанның дипломатиялық қызмет органы орындаған аударма ұсынылуы мүмкiн.
29. Бiлiм   туралы   құжаттарды   нострификациялау   жөнiндегi    өтiнiштер 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша өтiнiштер тiркейтiн арнайы журналда тiркеледi. Аталған журналдың беттерi белгiленген тәртiппен нөмiрленуi және тiгiлуi керек.
30. Өтiнiш берушi ұсынған құжаттарды қарау мерзiмi барлық қажеттi материалдар келiп түскен күннен кейiн нақтыланған ақпараттарды қоса алғанда,  төрт аптадан аспауы қажет.
31. Бiлiм  туралы құжаттардың баламалылығын белгiлеу рәсiмiне сараптама жүргiзуi кiредi. Сараптамашылардың қорытындылары негiзiнде  шешiм қабылданады.
32. Сараптама екi бөлiмнен тұрады:  
1) бiлiм беру туралы құжаттарды тану;
2) шетелде алған бiлiм мазмұнының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкес келуiн белгiлеу.
33. Шетелде алған бiлiм мазмұнының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкестiгiн белгiлеу рәсiмi оқу орындары түлектерi дайындықтарының мазмұны мен деңгейi минимумдарына қойылатын мемлекеттiк талаптарға қатысты бiлiм туралы құжаттары танылғаннан кейiн барып жүргiзiледi.
34. Бiлiм  мазмұнының сәйкестiгiн белгiлеудi сараптамалық комиссия жүзеге асырады. 3-5 адамнан тұратын бiлiм деңгейлерi бойынша сараптамалық комиссиялар бiлiм жүйесiнiң жоғары бiлiктi қызметкерлер қатарынан Комитеттің бұйрығымен құрылады.
Сараптаманың нәтижесiнiң нақтылығы үшiн жауапкершiлiк сараптамалық комиссияларға жүктеледi.
Ұсынылған құжаттарды қарауға және сараптауды ұйымдастыруға жұмсалатын шығыстар өтініш берушінің есебінен жүзеге асырылады.
35. Сараптамалық қорытынды мiндеттi түрде қаралатын мынадай өлшемдердiң негiзiнде қабылданды:
1) оқу мерзiмi;
2) оқу жоспарының мазмұны (оқытылған пәндер тiзiмi);
3) оқытылган пәндер көлемі (сағатпен);
4) емтихандар мен сынақтар жүйесi;
5) практикалардың барлығы және ұзақтығы;
6) оқыту кезеңіндегі білім алушылардың бағалары (жетістіктері);
7) оқу бiтiргендегi бiлiктiлiк жұмысының барлығы және  тақырыбы;
8) қорытынды мемлекеттiк аттестациялаудың барлығы және деңгейi;
9) оқыту нысаны;
10) қосымша бiлiмнiң  барлығы.
Алған бiлiмi мен тәжiрибесi оқу жоспарларындағы  және оқыту әдiстерiндегi кездесеуi мүмкiн ерекшелiктердi мойындай отырып, қорытынды дайындық позициясы тұрғысынан бағаланады.
Өтілген пәндер тізбесіндегі айырмашылық 30% асқан жағдайда оқу бағдарламаларының мазмұны қаралады.
35-1. Объективті сараптау қорытындысын қабылдау үшін жұмыс органы сұхбаттасуды ұйымдастырады және сұхбаттасудың нәтижесі бойынша айырмашылықты зерделеу және жою үшін өтініш берушіні тиісті оқу орнына жібереді немесе мынадай жағдайда тестілеу өткізеді:
1) бақылау (емтихан, сынақ) нысандарында оқылған пәндер сағатының көлемі 20% және одан артық болғанда практикалардың ұзақтығы бойынша  айырмашылық анықталғанда;
2) егер өтілген пәндер тізбесінде айырмашылық 30% асқан жағдайда оқу бағдарламасының мазмұнын қарауға мүмкіндік болмаса;
3) егер құжат Қазақстан Республикасының білім беру деңгейлері бойынша даярлық және мамандықтар бағыттарының жіктеуішінде жоқ біліктілікті беретін болса. Бұл жағдайда білім беру сәйкестігі мәндес мамандықтар бойынша өткізіледі.
36. Жұмыс органы бiлiм деңгейлерi жөнiндегi сараптамалық комиссиялардың тұжырымдылары,  сондай-ақ бiлiм туралы құжат берген елдегi және Қазақстандағы бiлiм мазмұны құрылымына қойылатын талаптар салыстырылғаннан кейiн, Қазақстан Республикасында қабылданған халықаралық мiндеттемелердi ескеру, баламалық өлшемдерiнiң сәйкестiгi негiзiнде шетелде алған бiлiм мазмұнының Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарында түлектерге қойылатын талаптарға сәйкес келетiнi туралы немесе сәйкес келмейтiн себептер және оларды жоюға болатын мүмкiндiктерi туралы сараптамалық қорытынды дайындалады.
37. Өтiнiш берушiнiң сараптама материалдарымен танысуға құқы бар.
38. Жұмыс органы  мәселенiң оң шешiмiн мынадай негiзде ұсына алады:
1) бiлiм  туралы құжаттарды тану туралы оң сараптамалық қорытынды;
2) бiлiм  мазмұнының сәйкестiгi туралы оң  сараптамалық қорытынды;
3) Қазақстандағы және бiлiм туралы құжатты берген елдегi бiлiм құрылымына қойылатын жалпы талаптардың сәйкестiгi туралы оң сараптамалық қорытынды;
4) нострификациялау туралы халықаралық келiсiмдер және Қазақстан Республикасы қол қойған және қабылдаған  мiндеттемелер; 5) прецедент болса.
39. 38-тармақта көрсетiлген негiздемелелердiң бiреуi бойынша шығарылған терiс қорытынды нострификациялау туралы куәлiк беруден бас тартудың себебi бола алады.
Бiлiм  туралы құжаттарды нострификациялау жөнiндегi куәлiктi беру туралы терiс шешiм жөнiнде ұсыныс қабылдануы мүмкiн, егер:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандарттарында қарастырылған талаптарға қарағанда, шет мемелекетте кәсiптiк бiлiм туралы құжат алу үшiн (жалпы орта бiлiм алғаннан кейiн) жалпы нормативтi оқу кезеңi бiр жылға кем болады;
2) бiлiм туралы құжат берiлген елде құжат иелерiне Қазақстандағыдан гөрi аз академиялық және/немесе кәсiптiк құқық берiледi (мысалы, ондай бiлiм туралы құжат иелерiнiң жоғары оқу орындарына, магистратураға түсуге, кәсiби iске араласуына құқылары жоқ);
3) даярлау саласы қазақстандық бағыттар  және кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк мамандықтар тiзбесiне сәйкес емес.
40. 39-тармақтың 2-тармақшасында көрсетiлген шарттар анықталған жағдайда, нострификациялау туралы куәлiкке бiлiм туралы құжат иесiнiң кәсiптiк және/немесе академиялық құқығы шектелгендi туралы жазба енгiзiлуi мүмкiн.
41. Жұмыс органы бiлiм  туралы құжаттарды нострификациялау жөнiндегi ұсынысты Комитетке  ұсынады.
42. Жұмыс органы ұсынысының негiзiнде нострификациялау туралы шешiм Комитет шығарады және тиiстi бұйрықпен ресiмделедi.
43. Жұмыс органы бiлiм туралы құжатты нострификациялау туралы шешiмнiң негiзiнде белгiленген нысан бойынша 4-7-қосымшаларға сәйкес тиiстi куәлiк жазып бередi.
44. Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау жөніндегі куәлiкке  Комитеттің төрағасы қол қояды және елтаңбалы мөрмен расталады.
45.  Куәлiк өтiнiш берушiнiң жеке өз қолына немесе оның сенiмхаты арқылы басқа тұлғаға берiледi, немесе хабардар етуiмен пошта бойынша жiберiледi.
46. Алынып тасталды.

47. Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы өтiнiштердi  тiркеу  журналы  қатаң  есептiлiк  құжаттары  болып  табылады және 10  жыл мерзiм бойы сақталып, содан соң белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мұрағатқа мерзiмсiз сақтауға тапсырылады.
48. Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәлiктерi 8-қосымшадағы белгiленген нысанға сәйкес бiлiм беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәлiктер беретiн арнайы кiтапқа тiркеледi. Аталған кiтаптың парақтары белгiленген тәртiппен нәмiрленуi және тiгiлуi керек. Кiтап қатаң есептегi құжат ретiнде ұдайы сақталады.
49. Егер тұлға өзiнiң бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәлiгiн жоғалтып алған жағдайда, куәлiктiң тану және нострификациялау туралы телқұжаты (бұдан әрi – телқұжат) берiледi.
50. Өтiнiш берушi Комитетке телқұжат беру туралы жазбаша өтiнiш бередi.
Өтiнiшке жоғалған тану және нострификациялау куәлiгiн шын емес деп тану туралы хабарлама берiлген газеттiң бiр данасы, табылған заттар  үстелiнен алынған анықтама қоса берiледi.
51. Жұмыс органы телқұжат беру үшiн негiз болатын, оларды куәландыратын құжаттардың барлығын (сәйкес бұйрықпен бекiтiлген бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәлiгiн беру жайындағы шешiм, тану және нострификациялау куәлiктерiн тiркеу кiтаптарындағы жазулар) тексередi.
Куәлiктiң жоғарғы жағындағы “Куәлiк” деген сөздiң астына сәйкес мемлекеттiк және ресми тiлде “Телқұжат” деп мөртабан қойылады.
52.  Телқұжат өтiнiш берушiнiң жеке өз қолына немесе оның сенiмхаты арқылы басқа тұлғаға берiледi.
53. Телқұжат беру туралы мәлiметтер тану және нострификациялау куәлiктерi  8-қосымшадағы белгiленген нысанға сәйкес тану және нострификациялау куәлiктерi тiркелетiн арнайы кiтаптарға енгiзiледi.
54. Куәлiк телқұжатының бiлiм туралы құжатты тану және нострификациялау  куәлiгiндей   заңды күшi бар.