Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау   / «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет стандарты 
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет стандарты

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2011 жылғы «31» наурыздағы

№ 336 қаулысымен

бекітілген

 

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау»

мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Жуңіс даңғылы, 16/1, 4-қабат мекенжайында орналасқан Ұлттық аккредиттеу орталығы (бұдан әрі – орталық) көрсетеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – комитет) уәкілетті орган болып табылады. Комитеттің мекенжайы: Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 11-ші кіреберіс.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы 39-бабы 4-тармағының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесінің негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат комитеттің ресми сайтында (www.educontrol.kz.) және орталықтың сайтында (www.nac.edu.kz) берілген, телефондар: 8 (7172) 74-24-29, 74-23-49, 78-72-61, 78-72-71, 78-71-63.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесінде тұтынушы білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы қағаз жеткізгіште куәлік не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жазбаша жауап алады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттары бар жеке тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушылар), сондай-ақ өз қызметкерлерінің құжаттарын тану/нострификациялау рәсіміне ұсынатын заңды тұлғаларға (білім беру ұйымдарына) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:

1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырғаннан сәттен бастап — 4 ай;

2) мемлекеттік қызметті алуға арналған құжаттар пакетін тапсыруға ниеттелген тұтынушының күтуі үшін рұқсат етілетін ең көп уақыт – 30 минут, құжаттарды тапсырғанын растайтын анықтаманы алуы үшін рұқсат етілетін ең көп уақыт – 30 минут.

3) мемлекеттік қызметті алушыға тұтынушы өтініш жасаған күні сол жерде көрсетілетін қызмет көрсету үшін рұқсат етілетін ең көп уақыт – 20 минут, білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілерден ұжымдық түрде құжаттар тапсыру кезінде — 1 сағат.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Көрсетілген мемлекеттік қызмет үшін ақы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағалар прейскурантына сәйкес алынады, онда жүргізілетін рәсімнің – білім туралы құжаттарды бірден танудан бастап, штаттан тыс сарапшыларды тарта отырып, құжаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігін сараптауды қамтитын нострификациялау (баламалылық) рәсіміне дейін – күрделілік деңгейі көрсетілген. Ақы төлеу – қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.

Банктік деректемелер:

ҚР БҒМ «ҰАО» РМҚК

СТН 620200256368

БСН 050640004360

ЖСК KZ17998ВТВ0000002884

«Цеснабанк» АҚ астаналық филиалы

БСК TSES KZ KA

Кбе 16

Түбіртек нысаны ақы төлеу жүргізілетін банктің қалауы бойынша белгіленеді. Жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.

9. Құжаттарды қабылдау орталықта, сенбіні, жексенбіні және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап бейсенбі аралығында сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады, анықтамалар құжаттар қабылданған күні 18.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.

Куәліктер сенбіні, жексенбіні және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын 09.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00- ден 14.30-ға дейін) беріледі.

Алдын ала жазылу немесе қызметті жеделдетіп ресімдеу жүргізілмейді.

10. Құжаттарды қабылдау орталықтың бөлек кеңсесінде (506 А бөлме) жүргізіледі. Қажетті құжаттардың тізбесі, құжаттар мен өтініштердің үлгілері, жұмыс уақытының кестесі бар ақпараттық стенд ілінген. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ғимаратта 506 А бөлмесіне апаратын лифт пен пандус көзделген.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

11. Осы мемлекеттік қызметті көрсет үшін тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініш;

2) бiлiм туралы құжаттың көшірмесі мен салыстырып тексеру оның түпнұсқасы;

3) бiлiм туралы құжаттың: өткен оқу курстарының сағат көлемi, қойылған қорытынды бағалары, практикалық, курстық және бiтiру кезіндегі біліктілік жұмыстарының тiзбесi және оқу үдерісін құрайтын басқа да ақпарат бар қосымшасы (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа);

4) бiлiм туралы құжаттың және оның қосымшасының мемлекеттiк және/немесе орыс тiліне (қажет жағдайда) нотариалды куәландырылған аудармасы. Аударманы куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағында нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады. Жекелеген жағдайларда (мысалы, прецедент бойынша тану белгіленген жағдайда) құжат берілген мемлекеттің Қазақстандағы дипломатиялық қызмет органдары жасаған аударма ұсынылуы мүмкін;

5) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

6) оқу орнының мөрімен расталған негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардан басқа білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен).

7) төлем туралы квитанция.

Білім беру ұйымдары берген осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға апостиль қойылуы немесе заң жүзінде мойындалған болуы керек не тұтынушы оқу орнынан өзінің оқығанын растайтын мұрағаттық анықтама тапсыруы қажет.

Жеңілдіктер көзделмеген.

12. Білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініштердің үлгілерін тұтынушы орталықтың: www.nac.edu.kz сайтынан таба алады.

13. Белгіленген нысан бойынша толтырылған өтініштің бланкісі 11-тармақта көрсетілген құжаттар тізбесінің барлығымен бірге мына мекенжайда орналасқан орталыққа тапсырылады: Астана қаласы, Иманов көшесі, 19-үй, «Алма-Ата» іскерлік үйі, 506 А бөлме (5-қабат).

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін барлық қажетті құжаттардың

тапсырылғанын орталық берген, құжаттарды қабылдаған күні көрсетілген анықтама растайды.

15. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәлiкті алу үшін тұтынушының өзі немесе тұтынушының сенiмхатымен уәкілеттік берілген адамдардың келуі талап етіледі.

16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетінің толық ұсынылмауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

Тұтынушының білім беру ұйымында оқығаны расталмаған жағдайда, орталық бұл фактіні уәкілетті органға хабарлап, ол заңнамада белгіленген тәртіппен шешім қабылдайды.

Егер білім алған елдің білім беру құрауышы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының құрауышына сәйкес келмесе (айырма 35%-дан асса), орталық тұтынушыны тест түрінде сынақтан өту үшін тиісті білім беру ұйымына жібереді. Нәтижесі оң болған жағдайда, тұтынушының нострификацияға тапсырған құжаттары орталықтың сараптау комиссиясының қарауына жіберіледі, керісінше жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартыла отырып, құжаттар пакеті иесіне қайтарылады.

3. Жұмыс қағидаттары

17. Комитет мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мынадай:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау;

 2) қызметтік парызды атқару барысында заңдылықты сақтау;

3) барлық мәселені қамтитын және толық ақпарат беру;

4) сыпайылық;

5) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылған жағдайда құжаттардың қайтарылуына кепілдік қағидаттарын ұстанады.

 

4. Жұмыс нәтижелері

18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмек көрсету үшін комитетте (төраға, әкімшілік және талдамалық жұмыс басқармасының бастығы, әкімшілік және талдамалық жұмыс басқармасының бас сарапшысы) және Орталықта (директор, бөлім бастығы) жауапты тұлғалар белгіленеді.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелеріне көңілі толмаған жағдайда шағым осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес комитет төрағасының атына беріледі.

22. Қызметтер дұрыс көрсетілмеген жағдайларда шағым кеңсе арқылы комитетке беріледі (843-бөлме, байланыс телефоны: (87172) 74-23-77). Жұмыс уақыты 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері – сенбі, жексенбі, сондай-ақ мереке күндері) және заңнамада белгіленген мерзімде қаралады.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым берілген кезде (көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына көңілі толмау, көрсетілген қызметтің нәтижесімен келіспеу, қызметтің дұрыс көрсетілмеуі) тұтынушының жазбаша өтініші болуы қажет.

25. Қабылданған шағым комитеттің кеңсесінде тіркеледі және заңнамада белгіленген мерзімде қаралады.

Комитет төрағасының және орталық басшысының байланыс телефондары осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес ресми ақпарат көздерінде және орталық ғимаратындағы арнайы тақталарда көрсетіледі. Шағымды қараудың барысы мен нәтижесі туралы ақпаратты әкімшілік және талдамалық жұмыс басқармасының бастығы мен бас сарапшысынан, сондай-ақ орталықтың бөлім бастығынан білуге болады.

26. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша қосымша ақпаратты тұтынушы Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларынан; аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінен, сондай-ақ комитеттің (www.educontrol.kz) және орталықтың (www. nac.edu.kz) сайттарынан ала алады.

 

 

 

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік

қызмет стандартына 1-қосымша

 

 

Кесте. Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні

 


Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жыл бойынша ағымдағы мәні


1

2

3

4


 

1. Уақтылылығы


1.1. қызметті құжаттарды тапсырған сәттен белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының % (үлесі)





1.2. қызметтің көрсетілуін кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)





 

2. Сапасы


2.1 қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)





2.2 құжаттарды дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)





 

3. Қолжетімділігі


3.1 қызмет көрсетудің сапасы және қызмет көрсетудің тәртібі туралы берілген ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)





3.2 тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірден тапсырған жағдайлардың % (үлесі)





3.3 интернет арқылы ақпарат таба алатын қызметтердің % (үлесі)





 

4. Шағымдану үдерісі


4.1 қызметтің осы түрі бойынша негізделген шағымдардың қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына % (үлесі)





4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген

шағымдардың % (үлесі)




4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)




4.4 шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)





 

5. Сыпайылық

5.1 қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың

% (үлесі)





Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бекітілген, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі (сайт )

 


 

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау»

Мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігінің

Білім және ғылым саласындағы

бақылау комитетінің төрағасы

Мекенжайында тұратын:

________________________________ ________________________________

________________________________

________________________________ ________________________________

(байланыс телефоны)

 

(Астана қ. байланыс телефоны)

 

(мекеменің телефоны/факсы)

Жұмыс немесе оқу орны ___________

________________________________

________________________________

________________________________

(тегін, аты-жөнін көрсету)


Өтініш


Сізден мамандығы бойынша көрсету

 


құжатты берген оқу орнын көрсету берген

 


көрсету аттестатты, дипломды, куәлікті көрсету: тануды, нострификациялауды өтінемін.

 


Оқыған елі



20 жылғы « » жеке қолы

 

сенім білдірілген адамның қолы


 

негіз

күні


 

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау»

мемлекеттік қызмет көрсету стандартына

3-қосымша


Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау жөніндегі басшының және жауапты орындаушылардың деректері

 


Қызметі

Орналасқан мекен-жайы

Байланыс телефондары

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы

Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8-үй, 11-кіреберіс, 919-бөлме.

8 (7172) 74-23-49





2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Әкімшілік және талдамалық жұмыс басқармасының бастығы


Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8-үй, 11-кіреберіс, 839-бөлме.

8 (7172) 74-24-29

3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Әкімшілік және талдамалық жұмыс басқармасының бас сарапшысы


Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8-үй, 11-кіреберіс, 839-бөлме.

8 (7172) 74-24-30






4

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық аккредиттеу орталығының директоры

Астана қаласы, Иманов көшесі, 19, «Алма-Ата» іскерлік үйі, 5-қабат, 504-бөлме.


8 (7172) 78-71-60

5

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық аккредиттеу орталығының бөлім бастығы


Астана қаласы, Иманов көшесі, 19, «Алма-Ата» іскерлік үйі, 5-қабат, 506-бөлме.

8 (7172) 78-72-61

 

 

 

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)