Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау   / Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесіне түсініктеме  
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесіне түсініктеме

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесі» «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 21) тармақшасына сәйкес  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - Ереже). Ережеде басқа мемлекеттерде, Қазақстан Республикасында құрылған халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған азаматтардың негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарын тану және нострификациялау қарастырылған.
   Шетелдік білім беру біліктілігін бекіту, оның иесіне білім алу және/немесе кәсіби қызметке арнайы рұқсат алу мақсатында білім туралы құжаттарды тану «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредиттеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында жүзеге асады.
 Басқа мемлекеттерде халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған азаматтарға берілген құжаттардың баламалылығын анықтау мақсатында жүргізілетін білім туралы құжаттарды нострификациялау рәсімі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредиттеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында жүзеге асады.
 Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы шешімді тиісті бұйрықпен рәсімдейді.
 Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы тану және нострификациялау туралы куәлікке қол қояды және елтаңбалы мөрімен растайды.
 

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)