Жаңалықтар
Білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізу туралы
Комиссияның қарауына «Шамалған» медресесі бір діни оқу орнын және бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын іске асыруға тоғыз жоғары оқу орындарын лицензиялау туралы материалдары ұсынылды. Комиссия тарапынан діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын «Шамалған» медресесінің білім беру қызметіне лицензия беру ұсынылды. Біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне, М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне, Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне, Халықаралық бизнес университетіне, Шет тілдер және іскерлік карьера университетіне, «Фемида» заң академиясына, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтына, Батыс-Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетіне 28 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша лицензия беруден бас тартылды.
