Жаңалықтар
Ұлттық бірыңғай тестілеудің мазмұнын жетілдіру бойынша семинар
Семинарға Астана, Павлодар, Тараз қалаларының математика және физика пәндерінің мұғалімдері мен Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері қатысты. Семинарға қатысушылар математика пәні бойынша дайындалған тест тапсырмаларын сынақтан өткізу нәтижелерін көрсетіп, тест спецификациясына сәйкес жаңа тест тапсырмаларын құрастыру және оны жақсарту жолдарын талқылады.Дүниежүзілік банктің халықаралық сарапшылары Марк Зельман (АҚШ) және Алексей Нурминский (Ресей) семинарға қатысушыларды тесттің валидтілігі мен сенімділігін бағалау әдістерімен, тест ұпайларының дисперсиясын бағалаумен таныстырып, корреляция коэффициентін есептеу бойынша түсінік берді. Семинардың соңында Дүниежүзілік Банктің өкілі Исак Фрумин білім сапасын бағалау аумағындағы ынтымақтастықты ары қарай жалғастыру туралы тілек білдірді.
