Бастауыш >> Жаңалықтар

Жаңалықтар

23 января 2012 г.

Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ-дің тест тапсырмаларының базасына тексеру жүргізу үшін құрылған тәуелсіз комиссияның жұмысы туралы

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Ұлттық тестілеу орталығының базасында 2011 жылғы 23-30 қаңтар аралығында Қазақстан тарихы пәні бойынша ұлттық бірыңғай тестілеудің тест тапсырмаларының базасына тексеру жүргізу үшін тәуелсіз комиссияның жұмысын ұйымдастырды. Комиссияның құрамына Мемлекет тарихы институтының қызметкерлері және республика орта мектептерінің жоғары санатты пән мұғалімдері енгізілді.

        Аталған комиссия Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы  17 қазандағы № 433 бұйрығымен бекітілген  2012 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 8-тармағын іске асыру, сондай-ақ  жалпы орта білім беру ұйымдарында ҰБТ-ны өткізу үшін тест тапсырмаларының базасын жетілдіру мақсатында құрылды.