Бастауыш >> Жаңалықтар

Жаңалықтар

01 ноября 2011 г.

ҚР білім беру ұйымдарында сырттай бағалау рәсімдерін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының өткізілу барысы туралы

2011 жылғы 1 қарашада Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің жетекшілігімен С.Ә. Ырсалиевтің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында сырттай бағалау рәсімдерін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.

Отырыстың жұмысына ішкі істер, байланыс және ақпарат және денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері қатысты.

Жұмыс тобының отырысында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасынасәйкес ауылдық ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерін (бұдан әрі - ҰБТӨП) оңтайлаңдыру арқылы қалалық ҰБТӨП-терді көбейту, оларды бейнебақылау және ұялы байланыс телефондарының синалдарын тұншықтыру құралдарымен, сондай ақ әрбір аудиторияның санына қарай, есептеп бір Министрлік өкілдерімен қамтамасыз ету туралы мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, ҰБТ мен оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі - ОЖСБ) ережелерінің жобасы, 2011-2012 оқу жылында ОЖСБ рәсіміне пайдалану үшін тест тапсырмалары базасының дайындығы мен жоғары білім беру ұйымдарында ОЖСБ пәндер тізбесін қаралды.