Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Халықаралық қызмет   / Тану және нострификациялау тәртiбi туралы ереже 
Тану және нострификациялау тәртiбi туралы ереже

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 10 қаңтардағы
N 8 бұйрығымен бекітілген

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау

ережесі



1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже басқа мемлекеттерде, Қазақстан Республикасында құрылған халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған азаматтардың негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау тәртібін белгілейді.
Шетелдік білім беру ұйымдары, сондай – ақ, Қазақстан Республикасында құрылған және жұмыс істеп жатқан халықаралық және шетелдік оқу орындары берген білім туралы құжаттар берілген білімнің деңгейіне және даярлау бейініне сәйкес Қазақстан Республикасында білім беру және/немесе кәсіби қызметке қол жеткізу мақсатында азаматтар тану және нострификациялаурәсіміне келуі қажет.
2. Білім туралы құжаттарды тану – шетелдік білім беру біліктілігінің маңызын оның иесіне білім алу және/немесе кәсіби қызметке рұхсат алу мақсатында («Еуропалық өңiрдегi кәсiптiк жоғары бiлiм беруге жататын бiлiктiлiктi тану туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы, бұдан әрі – Лиссабон Конвенциясы) уәкілетті органның растауы.
Білім туралы құжаттарды нострификациялау – басқа мемлекеттерде халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) бiлiм алған азаматтарға берiлген құжаттардың баламалылығын анықтау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм.
3. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келісімдер) негізінде танылады.
Халықаралық шарттар (келiсiмдер) болмаған кезде азаматтардың шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарын нострификациялау және тиiстi куәлiктердi беру білім беру саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды сәйкес құжат берумен қатар тану және нострификациялау бойынша мемлекеттік саясатты орындауды мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) заңнамамен бекітілген тәртіптегі функциясында жүзеге асырады.
5. Тану және нострификациялау рәсiмiн жүргізу кезінде өндірістік – шаруашылық қызметтерді «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредиттеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жүзеге асырады.
6. Уәкілетті орган білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы шешімді тиісті бұйрықпен рәсімдейді.
7. Уәкілетті органның төрағасы тану және нострификациялау туралы куәлікке қол қояды және елтаңбалы мөрімен растайды.
8. Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау және тиiстi куәлiктердi беру құжат иесiнiң немесе мүдделi ұйымның (өтiнiш берушiнiң) өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады.
9. Негізгі орта білім туралы құжаттары өтініш беруші білім берудің келесі деңгейінде оқуын жалғастырғанда тану және нострификациялау рәсіміне Ұлттық аккредиттеу орталығына облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттері арқылы қабылданады.
10. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім туралы құжаттар өтініш беруші білім берудің келесі деңгейінде оқуын жалғастырғанда тану және нострификациялау рәсіміне Ұлттық аккредиттеу орталығына оқу орнына қабылдану қортындысы бойынша орталықтандырылып жоғары оқу орнының/орта оқу орнының қабылдау комиссиясы немесе өтініш берушінің өзі арқылы қабылданады.
11. Білімнің деңгейіне және даярлау бейініне сәйкес Қазақстан Республикасында білім беру және кәсіби қызметке қол жеткізу үшін білім туралы құжаттар Ұлттық аккредиттеу орталығына орталықтандырылып ұйымның басшысы немесе өтініш берушінің өзі арқылы қабылданады
12. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәлік қатаң есепке алу бланкілері болып табылады, орталықтандырылған баспаханалық әдіспен дайындалады, есепке алу сериясы және нөмірі болады.



2. Бiлiм туралы құжаттарды тану тәртiбi

13. Бiлiм туралы құжаттарды тану туралы өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса ұсынады:
1) бiлiм туралы құжаттың түпнұсқасы;
2) бiлiм туралы құжатқа келесі ақпараттармен: өтiлген оқу пәндері мен практикасының сағат көлемі, алған қортынды бағалары, курстық және оқу бiтiргендегi бiлiктiлiк жұмыстары, басқа да оқу процесiн құрайтын қосымша;
3) бiлiм туралы құжаттардың және оның қосымшасының нотариалдық куәландырылған мемлекеттiк және/немесе ресми тiлдегі аудармасы. Аударманы куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органы жүзеге асырады. Жекелеген жағдайда (мысалы: прецедент бойынша тану болған кезде) аударманы құжат беруші аумақтың Қазақстандағы сол мемлекеттің дипломатиялық қызмет органы орындауы мүмкін;
4) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi мемлекеттік және/немесе орыс тіліндегі аудармасымен;
5) оқу орнының мөрімен расталған негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің немесе лицензияның көшірмесі (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе ресми тілде нотариалды расталған аудармасымен).Білім беру ұйымдары берген осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар апостильденуі немесе жарияланған болуы керек.Қажет болған жағдайда өтiнiш берушiден тиісті оқу орындарынан, ресми қазақстандық және/немесе шетелдiк ұйымдардан нақтылаушы құжаттамалар сұратылады. Тиісті ақпаратты ұсыну, ондай ақпараттың ұқыптылыгын қамтамасыз ету өтiнiш берушiнің міндетіне жатады (Лиссабон Конвенциясы).
14. Өтiнiш осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес белгiленген нысандағы бiлiм туралы құжаттарды тану туралы өтiнiштерiн тiркейтiн арнайы журналда тiркеледi.
15. Білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау білім туралы құжаттың түпнұсқалығын растайтын барлық қажетті ақпарат ұсынылғаннан кейін рәсімнің жүргізілу жайы туралы өтініш беруші хабардар етіліп, алты айдан аспауы керек.
16. Лиссабон Конвенциясына қатысушы мемлекеттердің білім туралы құжаттары осы ережеде белгіленген тәртіпте куәлік берумен қатар Қазақстан Республикасында танылады.
17. Білім беру саласындағы уәкілетті органның арасында бекітілген Халықаралық шарттар және мемлекеттік келісімдер, сондай – ақ, шарттар (келісімдер) негізінде Қазақстан Республикасында құрылған және жұмыс істеп тұрған аккредиттеуден өткен халықаралық және шетелдік оқу орындарының, шетелдік білім беру ұйымының филиалдарының білім туралы құжаттары белгіленген тәртіпте алдын ала сараптамасыз куәлік берумен қатар Қазақстан Республикасында танылады.
18. Ұлттық аккредиттеу орталығы білім туралы құжатты тану туралы шешімнің негізінде осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша куәлік ресімдейді.
19. Сараптау комиссиясы уәкілетті органға білім туралы құжаттарды тану туралы ұсыныс енгізеді.
20. Уәкілетті орган танылмаған білім туралы құжаттың дәлелді бас тарту себептерін көрсетіп, өтініш иесіне жазбаша нысанда береді.
21. Куәлік өтініш берушінің жеке өзіне немесе оның сенімхаты бойынша басқа тұлғаға береді.

 

3. Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау тәртiбi

22. Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса ұсынылады:
1) бiлiм туралы құжаттың түпнұсқасы;
2) бiлiм туралы құжатқа келесі ақпараттармен: өтiлген оқу пәндері мен практикасының сағат көлемі, алған қортынды бағалары, курстық және оқу бiтiргендегi бiлiктiлiк жұмыстары, басқа да оқу процесiн құрайтын қосымша;
3) бiлiм туралы құжаттардың және оның қосымшасының нотариалдық куәландырылған мемлекеттiк және/немесе ресми тiлдегі аудармасы. Аударманы куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органы жүзеге асырады. Жекелеген жағдайда (мысалы: прецедент бойынша тану болған кезде) аударманы құжат беруші аумақтың Қазақстандағы сол мемлекеттің дипломатиялық қызмет органы орындауы мүмкін;
4) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi мемлекеттік және/немесе орыс тіліндегі аудармасымен;
5) оқу орнының мөрімен расталған негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің немесе лицензияның көшірмесі (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе ресми тілде нотариалды расталған аудармасымен).Білім беру ұйымдары берген осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар апостильденуі немесе жарияланған болуы керек.
Қажет болған жағдайда, өтiнiш берушiден тиісті оқу орындарынан, ресми қазақстандық және/немесе шетелдiк ұйымдардан нақтылаушы құжаттамалар сұратылуы мүмкін (өткізілген курстар жазбасы, алдыңғы білімі туралы мәліметтер және тағы басқа бөлшектер).Өтініш беруші кәсіби қызметі мен практикадағы тәжрибесінің білім деңгейн растайтын құжатқа қосымша ұсынуға құқылы.
23. Өтініш осы ереженің 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініштерін тіркейтін арнайы журналда тіркеледі.
24. Білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау білім туралы құжаттың түпнұсқалығын растайтын барлық қажетті ақпарат ұсынылғаннан кейін рәсімнің жүргізілу жайы туралы өтініш беруші хабардар етіліп, алты айдан аспауы керек.
25. Білім туралы құжатты нострификациялау рәсіміне қортындылау ресімінің және қаюылданған шешімнің негізінде сараптама жүргізу енгізіледі.
26. Сараптама екi бөлiмнен тұрады:
1) бiлiм беру туралы құжаттардың түпнұсқалығын анықтау;
2) білім беру туралы құжаттардың түпнұсқалығын анықтау жүргізілгеннен кейін шетелде алған бiлiм мазмұны Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының мемлекеттік талаптардың ең төменгі шегі және оқу орнын бітірушілердің дайындық деңгейлерінің сәйкестігін анықтау рәсімі.
27. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін анықтауды сараптау комиссиясы жүзеге асырады.
28. Қаралған келесі өлшемдердің негізінде сараптау қортындысы қабылданады:
1) оқу мерзiмi;
2) оқытылған пәндер тiзбесi мен көлемі;
3) бақылау нысаны (емтихандар мен сынақтар);
4) практиканың бар болуы және жалғасы;
5) оқыту уақтында білім алушының бағасы (нәтижесі);
6) қорытынды аттестаттың бары және деңгейі;
29. Сараптау комиссиясының шешімі бойынша өтілген пәндер тізбесіндегі айырмашылық 35 % - дан асқан кезде Ұлттық аккредиттеу орталығы өтініш берушіні айырмашылықты жою және тестілеуден өту үшін оқу орнына жібереді.
30. Егер шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжатта көрсетілген біліктілік Қазақстан Республикасының білім деңгейі бойынша дайындық бағыттары мен мамандықтары жіктеуішінде болмаған жағдайда білім мазмұнына сәйкес жүргізілетін жақын мамандықтар анықталады.
31. Өтініш беруші сараптау материалдарымен танысуға құқылы.
32. Ұлттық аккредиттеу орталығы уәкілеттік органға:
1) білім туралы құжаттың түпнұсқалығын растайтын ақпарат;
2) шетелден алған білім мазмұны қазақстандық мелекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкестігі туралы оң сараптама қортынды;
3) білім туралы құжатты берген елдер мен Қазақстандағы білім құрылымының жалпы талаптарының сәйкестігі;
4) прецедент негізінде мәселенің оң шешімі туралы ұсыныс енгізеді.
33. Білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы теріс қортынды қабылданады, егер:
1) шет мемлекеттердің жалпы нормативтік оқу ұзақтығы (негізгі орта және жалпы орта білім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына қарағанда соңғы өлшемі бойынша бір жылға кем боса;
2) білім туралы құжат берілген елде құжат иелеріне Қазақстандағыдан аз академиялық және/немесе кәсіптік құқық берілсе (мысалы, ондай білім туралы құжат иелерінің жоғары оқу орындарына, магистратураға түсуге, кәсіби іске араласуына құқылары жоқ);
34. Осы ереженің 33-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шарттар анықталған жағдайда, нострификациялау туралы куәлікке білім туралы құжат иесінің кәсіптік және/немесе академиялық құқығы шектелгендігі туралы жазба енгізілуі мүмкін.
35. Ұлттық аккредиттеу орталығы білім туралы құжатты нострификациялау жөніндегі ұсынысты Комитетке ұсынады.
36. Ұлттық аккредиттеу орталығы білім туралы құжатты нострификациялау туралы бұйрықтың негізінде белгіленген нысан юойынша осы ереженің 4 – 9 қосымшаларға сәйкес тиісті куәлік ресімдейді.
37. Куәлік өтініш берушінің жеке өзіне немесе оның сенімхаты бойынша басқа тұлғаға береді.

 

4. Қорытынды ережелер

38. Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы өтiнiштердi тiркеу журналы қатаң есептiлiк құжаттары болып табылады және 10 жыл мерзiм бойы сақталып, содан соң белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мұрағатқа мерзiмсiз сақтауға тапсырылады.
39. Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәлiктерi       10-қосымшада белгiленген нысанға сәйкес бiлiм беру туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәлiктер беретiн арнайы журналға тiркеледi. Аталған журналдың парақтары белгiленген тәртiппен нөмiрленуi және тiгiлуi керек.
40. Егер тұлға өзiнiң бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәлiгiн жоғалтып алған жағдайда, куәлiктi тану және нострификациялау туралы дубликаты (бұдан әрi – дубликат) берiледi.
41. Өтiнiш берушi Комитетке дубликат беру туралы жазбаша өтiнiш бередi. Өтiнiшке жоғалған тану және нострификациялау куәлiгiн жарамсыз деп тану туралы хабарлама берiлген газеттiң бiр данасы, табылған заттар үстелiнен алынған анықтама қоса берiледi.
42. Ұлттық аккредиттеу орталығы дубликат беру үшiн негiз болатын, оларды куәландыратын құжаттардың барлығын (тиісті бұйрықпен бекiтiлген бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәлiгiн беру туралы шешiм, тану және нострификациялау куәлiктерiн тiркеу кiтаптарындағы жазуларды) тексередi. Куәлiктiң жоғарғы жағындағы «Куәлiк» деген сөздiң астына тиісінше мемлекеттiк және ресми тiлде «дубликат» деп мөртаңба қойылады.
43. Дубликат өтiнiш берушiнiң жеке өз қолына немесе оның сенiмхаты бойынша басқа тұлғаға берiледi.
44. Дубликат беру туралы мәлiметтер оыс ереженің 11-қосымшасында белгiленген нысанға сәйкес тану және нострификациялау куәлiктерi тiркелетiн арнайы журналға енгiзiледi.

 

 

 

 

 

Білім туралы құжаттарды тану және
 нострификациялау ережесіне
1 – қосымша
Үлгі


Білім туралы құжаттарды тану туралы өтініштерді тіркеу журналы

Реттік тіркеу №

Өтінішті тіркеу күні

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты

Білім деңгейі

Оқыған мемлекеті

Білім туралы құжаттың нысаны

Құжаттың сериясы мен нөмірі

Кім және қашан берген

Ескертпелер

1

2

3

4

5

6

7

8

9





Білім туралы құжаттарды тану және
 нострификациялау ережесіне
2 – қосымша
Үлгі


 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласындаєы бақылау комитеті

 

 

КУӘЛІК

 

(білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
нотариалдық расталєан аудармасымен нақты)

 

 

 


 

 

 

 

 

 

БТ № 000001
Осы білім туралы ______________________________________________
_____________________________________________________________
(құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)

 

 

 

 

 

 

 

_____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
          (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
Қазақстан Республикасында танылды деп куәландырылады.

 

 

 

Негіздеме: ___________________________________________________
_____________________________________________________________

 


 

 

 

Мөрінің орны    Комитет төрағасы _______________________
                                                          (қолы)

 

 

Тіркеу нөмірі №_________
20____жылғы «______»________________

 




Білім туралы құжаттарды тану және
 нострификациялау ережесіне
3 – қосымша
Үлгі


Білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініштерді тіркеу журналы

Реттік тіркеу №

Өтінішті тіркеу күні

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты

Білім деңгейі

Оқыған мемлекеті

Білім туралы құжаттың нысаны

Құжаттың сериясы мен нөмірі

Кім және қашан берген

Ескертпелер

1

2

3

4

5

6

7

8

9






Білім туралы құжаттарды тану және
 нострификациялау ережесіне
4 – қосымша
Үлгі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласындаєы бақылау комитеті

КУӘЛІК
(білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

    ЖБ-ІІ              № 0000012
 

Осы білім туралы  ______________________________________________
_____________________________________________________________
                            (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
_____________________________________________________________
                                       (тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
   (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
_____________________________________________берген құжат сәйкес
құқықтық теңдігімен______________________________________________
_____________________________________________________мамандығы
бойынша______________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________біліктілігі қоса берілген жоғары
оқу  орнынан  кейінгі  білім туралы  қазақстандық  дипломға  баламалы  деп куәландырылады.
Негіздеме: ____________________________________________________
_____________________________________________________________


Мөрінің орны         Комитет төрағасы   ________________
                                                                         (қолы)
Тіркеу нөмірі №_________
20____жылға «______»________________





Білім туралы құжаттарды тану және
 нострификациялау ережесіне
5 – қосымша
Үлгі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласындаєы бақылау комитеті

КУӘЛІК
(білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

  ЖБ-І              № 0005330
   
   Осы білім туралы  ________________________________________
________________________________________________________
                          (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
________________________________________________________
                                  (тегі, аты, әкесінің аты)
________________________________________________________
________________________________________________________
            (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
________________________________________берген құжат сәйкес
құқықтық теңдігімен_________________________________________
________________________________________________мамандығы
бойынша_________________________________________________
_________________________________________________________
________________________________біліктілігі қоса берілген жоғары
білім туралы қазақстандық дипломға баламалы деп куәландырылады.
Негіздеме: ________________________________________________
_________________________________________________________


Мөрінің орны             Комитет төрағасы   ________________
                                                                            (қолы)
Тіркеу нөмірі №_________
20____жылғы «______»________________





Білім туралы құжаттарды тану және
 нострификациялау ережесіне
6 – қосымша
Үлгі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
КУӘЛІК

(білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
нотариалдық расталған аудармасымен нақты)


ТКБ № 0001507

Осы білім туралы _________________________________________
________________________________________________________

(құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)

 

_________________________________________________________
                                   (тегі, аты, әкесінің аты)
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
          (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)

________________________________________берген құжат сәйкес
құқықтық теңдігімен__________________________________________
_________________________________________________мамандығы бойынша___________________________________________________
___________________________________________________________
_______________________________________біліктілігі қоса берілген

техникалық-кәсіптік білім туралы қазақстандық құжатқа баламалы
деп куәландырылады.

Негіздеме: _________________________________________________
___________________________________________________________



Мөрінің орны             Комитет төрағасы ________________
                                                              (қолы)

Тіркеу нөмірі №_________
20____жылға «______»________________






Білім туралы құжаттарды тану және
 нострификациялау ережесіне
7 – қосымша
Үлгі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

КУӘЛІК

(білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
нотариалдық расталған аудармасымен нақты)


ОБКБ № 0001507

Осы білім туралы ______________________________________________
_____________________________________________________________
                            (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
_____________________________________________________________
                                   (тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
       (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)

___________________________________________берген құжат сәйкес
құқықтық теңдігімен_____________________________________________
____________________________________________________мамандығы
бойынша_____________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________біліктілігі қоса берілген орта
білімнен кейінгі білім  туралы  қазақстандық  құжатқа  баламалы  деп
куәландырылады.

Негіздеме: ___________________________________________________
_____________________________________________________________



Мөрінің орны            Комитет төрағасы ________________
                                                                (қолы)

Тіркеу нөмірі №_________
20____ж
ылға «______»________________





Білім туралы құжаттарды тану және
 нострификациялау ережесіне
8 – қосымша
Үлгі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

КУӘЛІК

(білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

    ЖОБ              № 0000012
   
Осы білім туралы  ______________________________________________
 ____________________________________________________________
                        (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
_____________________________________________________________
                                   (тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
    (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
_____________________________________________берген құжат жалпы
орта білім туралы қазақстандық аттестатқа баламалы деп куәландырылады.

Негіздеме: ____________________________________________________
_____________________________________________________________


Мөрінің орны                  Комитет төрағасы   ____________________
                                                                                   (қолы)
Тіркеу нөмірі №_________
20____жылғы «______»________________








Білім туралы құжаттарды тану және
 нострификациялау ережесіне
9 – қосымша
Үлгі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

КУӘЛІК

(білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
нотариалдық расталған аудармасымен нақты)



    НОБ              № 000002

   Осы білім туралы  _____________________________________________
_____________________________________________________________
                                      (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
_____________________________________________________________
                                                      (тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
                    (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
берген құжат негізгі орта білім туралы қазақстандық куәлікке баламалы деп куәландырылады.

Негіздеме: ____________________________________________________
_____________________________________________________________


Мөрінің орны        Комитет төрағасы   ________________
                                                                           (қолы)
Тіркеу нөмірі №_________
20____жылғы «______»________________









Білім туралы құжаттарды тану және
 нострификациялау ережесіне
10 – қосымша
Үлгі


Білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау жөніндегі куәліктерді беру журналы


№№

Куәліктерді берген күні

Куәліктің сериясы мен нөмірі

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты

Тану немесе нострификация

Қоса берілген мамандық

Қоса берілген біліктілігі

Құқықтық теңдігімен

Өтініш берушінің қолы

Берілгені туралы белгі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10






Білім туралы құжаттарды тану және
 нострификациялау ережесіне
11 – қосымша
Үлгі


Білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау жөніндегі куәліктердің дубликатын беру журналы


№№

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты

Дубликаттың сериясы мен нөмірі

Дубликатты берген күні

Куәліктің сериясы, нөмірі және берген күні

куәліктің жоғалғаны жөнінде растайтын құжаттар

өтініш берушінің қолы (дубликатты бергені туралы белгі)

1

2

3

4

5

6

7

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)