Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Білім беру саласындағы лицензиялау    / Білім беру қызметін лицензиялау ережесі 
Білім беру қызметін лицензиялау ережесі


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысымен бекітілген



Білім беру қызметін лицензиялау ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Заңды тұлғалардың білім беру қызметі ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс.

2. Білім беру қызметінің мынадай кіші түрлері лицензиялануға тиіс:

мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың және балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт бойынша қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;

бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру, оның ішінде кәсіптер бойынша, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, оның ішінде мамандықтар бойынша негізгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;

діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;

халықаралық және шетелдік заңды тұлғалардың білім беру қызметі.

Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.28 № 506 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

3. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.28 № 506 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

4. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.28 № 506 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.


2. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі


5. Білім беру ұйымдары білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алу үшін лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш;

2)(алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.28 № 506 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен);

3) өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

4) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

5) білім беру қызметін жүргізу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;

6) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды.
Лицензиясы бар білім беру қызметі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) өтініш;

2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

Білім беру ұйымдарының филиалдары лицензияға қосымшаны алу үшін аталған құжаттармен қатар Филиал туралы ережені және тіркеу құжаттарын ұсынады.

Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.28 № 506 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

6. Лицензиар білім беру ұйымының өтінішін қарау үдерісінде білім беру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды тексеру мақсатында сараптама жүргізеді.


3. Лицензиядан айыру және оның қолданылуын тоқтата тұру

7. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.28 № 506 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)