«Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2007 ж., №18, 202-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
2) 1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
1, 5 және 13 - тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов