Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарды апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсетулер стандартын бекіту туралы
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарты бекітілсін. 2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н. Қалабаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын. 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К. Шәмшидиноваға жүктелсін.
Министр Ж. Түймебаев
|