Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Ресми құжаттар   / Бұйрықтар   / 2007 ж. 22 қыркүйектегі N 409 ҚР БҒМ бұйрығы 
2007 ж. 22 қыркүйектегі N 409 ҚР БҒМ бұйрығы

Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін
аралық аттестаттаудан өткізу жөніндегі
нұсқаулықты бекіту туралы

Кандидаттық емтихандарды ұйымдастыру және өткізудің бөлігінде   ғылыми кадрларды аттестаттаудың талаптарын арттыру және одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:    
1. Қоса беріліп отырған Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін аралық аттестаттаудан өткізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетіне  (Т.О.Балықбаев):
осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін;
осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасына (Т.О.Балықбаев) жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен  кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр                                                                                         Ж. Түймебаев

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz