Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Ресми құжаттар   / Бұйрықтар   / 2007 ж. 20 қарашадағы N 561 ҚР БҒМ бұйрығы 
2007 ж. 20 қарашадағы N 561 ҚР БҒМ бұйрығы

Білім беру ұйымдарында
мемлекеттік аралық бақылауды
өткізу ережесін бекіту туралы  


 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі  Заңының 5-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесі бекітілсін.
2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н.Б. Қалабаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа  енгізіледі.
4. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1056 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3335 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2005 жылғы, № 3-8, 23-құжатпен жарияланған);
2)  «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1056 бұйрығына өзгерістер  енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2006 жылғы 7 ақпандағы № 61 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4088 тіркелген, 2006 жылғы   10 наурыздағы  № 42-43 (1022-1023) «Заң газетінде» жарияланған);
3) «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1056 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан    Республикасы Білім және ғылым министрінің  2006 жылғы 7 ақпандағы № 610 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде   № 4476 тіркелген, 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 5 (1208) «Заң газетінде» жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.             


      Министрдің міндетін атқарушы                                                  К. Шәмшидинова

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz