Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Ресми құжаттар   / Бұйрықтар   / 2008 ж. 5 наурыздағы N 109 ҚР БҒМ бұйрығы 
2008 ж. 5 наурыздағы N 109 ҚР БҒМ бұйрығы

Білім беру ұйымын мемлекеттік
аттестаттау мен аккредиттеуден
өткізуді ұйымдастыру бойынша
нормативтік құқықтық актілерді
бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5- бабының 42) – тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:1. Қоса беріліп отырған:1) Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Нұсқаулық;2) Білім беру ұйымдарын аккредиттеу тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілсін.2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Қалабаев Н.Б.):1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.3. Күштері жойылды деп танылсын:1) «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 28 шілдедегі № 415 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 21 тамызда № 4350 тіркелген, 2006 жылғы 10 қарашада № 197 (1177) Заң газетінде жарияланған);2) «Бiлiм беру ұйымдарының үлгiлерi мен түрлерi бойынша мемлекеттiк аккредиттеуге арналған көрсеткiштердi бағалау тiзбесi мен өлшемдерiн және Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аккредиттеуден өткiзу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 23 шілдедегі № 602 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 шілдеде № 1599 тіркелген).4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.       Министрдің        міндетін атқарушы                                                        Ф. Қуанғанов

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz