|
Жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру бағдарламаларын
іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік
аттестаттауды және өздік бағалауды
өткізу және ұйымдастыру жөніндегі
бағдарлама мен әдістемелік
ұсынымдарды бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандығы №1270 қаулысына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2008 жылғы 5 наурыздағы №109 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды өткізу және ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік аттстаттауды және өздік бағалауды өткізу және ұйымдастыру жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік ұсынымдар бекітілсін (қоса беріледі). Аттестаттау және аккредиттеу басқармасы (Е.Ә. Әлпейісов) Ұлттық тестілеу орталығымен (И.Ө. Сағындықов) бірлесе отырып осы бұйрықты білім беру ұйымдары басшыларының назарына жеткізсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары М. Байжұмановқа жүктелсін.
Төраға Н. Қалабаев
|