Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Ресми құжаттар   / Бұйрықтар   / 2007 ж. 27 сәурдегі N 385 Комитет бұйрығы 
2007 ж. 27 сәурдегі N 385 Комитет бұйрығы

Диссертациялық кеңестердің іс жүргізуін

кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге

көшіруді іске асыру жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы N 108 қаулысымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 18-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Ұсынылып отырған диссертациялық кеңестердің іс жүргізуін кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге көшіруді жүзеге асыру жоспары бекітілсін (қоса беріледі).

2. Жанында диссертациялық кеңестер қызмет ететін ұйымдардың басшылары және диссертациялық кеңестерінің төрағалары Жоспарда белгіленген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Комитет төрағасының орынбасары Н. Қалабаевқа жүктелсін.

Төрага Т. Балықбаев

                                                               ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы    
                                                               қадағалау және аттестаттау комитеті     
                                                               төрағасының 2007 жылғы 27 сәуірдегі    
                                                               N385 бұйрығымен бекітілген    

Диссертациялық кеңестердің іс жүргізуін кезең-кезеңмен

мемлекеттік тілге көшіруді іске асыру

жоспары

N

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауаптылар

1.

Жоғары білікті ғылыми кадрларды мемлекеттік тілде аттестаттау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу

үнемі

Комитет төрағасының орынбасары

2.

Диссертациялық кеңестердің құрамын іріктеуде, басшыларын тағайындауда және жаңадан мүшелер енгізгенде олардың мемлекеттік тілді білуін ескеру

үнемі

Комитеттің салалық бөлімдері бастықтары, ұйым басшылары

3.

Диссертациялық кеңестердің ғылыми хатшыларын мемлекеттік тілде іс-жүргізуге оқытуды ұйымдастыру

01.09.2007

Ұйым басшылары

4.

Мамандықтар төлқұжаттарын мемлекеттік тілде дайындау

01.09.2007

ДК төрағалары

5.

Диссертациялық кеңес web-сайтының мемлекеттік тілде қызмет етуін қамтамасыз ету

01.10.2007

Ұйым басшылары, ДК төрағалары

6.

Диссертациялық кеңестердің қызметі туралы жоспарлар мен есептерді мемлекеттік тілде дайындау

01.01.2008

ДК төрағалары

7.

Комитетке хаттарды (диссертациялық кеңес ашу туралы, кеңес құрамын өзгерту туралы, бір реттік қорғау өткізу туралы өтініштер, кандидаттық емтиханды қабылдау туралы, қорғау өтетіні туралы хабарламалар, Бюллетенде жариялауға арналған докторлық диссертацияның қорғалуы туралы хабарландыру және т.б.) мемлекеттік тілде ұсыну

01.01.2008

Ұйым басшылары, ДК төрағалары

8.

Диссертациялық кеңестердің мәжілістерін мемлекеттік тілде жүргізу (мәжілістердің хаттамалары, келу парақтары)

01.06.2008

ДК төрағалары

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz