Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Ресми құжаттар   / Бұйрықтар   / 2007 ж. 26 қарашадағы N 1347 Комитет бұйрығы 
2007 ж. 26 қарашадағы N 1347 Комитет бұйрығы

Диссертациялық кеңестердің
қызметін тоқтату туралы



    «Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  2007 жылғы 17 қазандағы № 485 және «Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 17 қазандағы № 486 бұйрықтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 2007 жылғы 1 желтоқсаннан диссертациялық кеңестер диссертацияларды  қорғауға қабылдауды аяқтасын.
2. 2008 жылғы 1 қаңтардан  диссертациялық кеңестердің қызметі олардың өкілеттік ету мерзімінің аяқталуына дейін тоқтатылсын.
3.  2007 жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданған диссертациялық жұмыстардың қорғауын диссертациялық кеңес Комитеттің бұйрығымен қызметі қайта қалпына келтірілгеннен кейін бұрын белгіленген диссертацияларға қойылатын талаптарға сәйкес өткізсін.
4.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    
        Төраға                                                                                       Н. Қалабаев

 

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz