|
25 желтоқсан 2007 ж. N 1489
«Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N 433-3ж бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы (N 10 хаттама) шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. «Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N 433-3ж бұйрығына төмендегідей толықтырулар енгізілсін: 1) «14.00.00 – Медицина ғылымдары» саласы бойынша: - «Оториноларингология, Бас, Мойын хирургиясы»; 2) «08.00.00 – Экономикалық ғылымдар» саласы бойынша: - Экономика. Қаржы. Зерттеулер» журналдары. 2. Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының бірінші орынбасары Қ.О. Айтбайға жүктелсін.
Төраға Н. Қалабаев
|