Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Ресми құжаттар   / Бұйрықтар   / 2008 ж. 25 сәуірдегі N 572 Комитет бұйрығы 
2008 ж. 25 сәуірдегі N 572 Комитет бұйрығы

«Диссертациялардың негізгі ғылыми
нәтижелерін  жариялайтын басылымдар
тізбесін бекіту туралы»
2003 жылғы 26 маусымдағы N433-3ж
бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының  2008 жылғы 23 сәуірдегі (N6 хаттама) шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.«Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N433-3ж бұйрығына төмендегідей толықтырулар енгізілсін:   
1) «13.00.00 – Педагогика ғылымдары» саласы бойынша:    
– «Арнайы педагогика» сериясы бойынша «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршысы» журналы;   
2) «08.00.00 – Экономикалық ғылымдар» саласы бойынша:         
 – «Казахстан в глобальных процессах» журналы;   
3) «14.00.00 – Медицина ғылымдары» саласы бойынша:           
– «Қазақстан нейрохирургия және неврология журналы».
2. Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының  бірінші орынбасары Қ.О. Айтбайға жүктелсін.

 

Төраға                                                                                            Н. Қалабаев

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz