«Диссертациялардың негізгі ғылыми
нәтижелерін жариялайтын басылымдар
Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы
26 маусымдағы № 433-3ж бұйрығына
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының 2008 жылғы 23 маусымдағы (№ 8 хаттама) шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫН: «Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы № 433-3ж бұйрығына төмендегідей толықтырулар енгізілсін:
1) «05.00.00 – Техника ғылымдары» саласы бойынша:
- «ҚазжолҒЗИ жаршысы» журналы;
- академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің «Ғылыми хабаршысы» журналы;
- Қарағанды «Болашақ» университетінің «Қазіргі заманғы маңызды проблемалар» журналы. Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары Г.Қ. Құлжановаға жүктелсін.
Төраға Н. Қалабаев
|