«Диссертациялардың негізгі ғылыми
нәтижелерін жариялайтын басылымдар
Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы
26 маусымдағы N 433-3ж бұйрығына
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті Алқасының 2007 жылғы 26 сәуірдегі (N4 хаттама) шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. «Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N433-3ж бұйрығына төмендегідей толықтырулар енгізілсін: 1) «14.00.00 – Медицина ғылымдары» тараулары бойынша: - «Денсаулық сақтауды дамыту журналы» журналы; - «Consilium» (Консилиум) журналы. 2. Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының орынбасары Н.Б. Қалабаевқа жүктелсін. Төраға Т. Балықбаев
|