«Диссертациялардың негізгі ғылыми
нәтижелерін жариялайтын басылымдар
Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы
26 маусымдағы N 433-3ж бұйрығына
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті Алқасының 2007 жылғы 30 мамырдағы (№ 5 хаттама) шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. «Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N 433-3ж бұйрығына төмендегідей толықтырулар енгізілсін: 1) «05.00.00 – Техника ғылымдары» тараулары бойынша: - «Қазақстанның су шаруашылығы» журналы; - 05.14.00 – Энергетика, 05.16.00 – Металлургия, 05.18.00 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандықтар тобы бойынша «Павлодар университетінің хабаршысы» журналы; 1) «02.00.00 – Химия ғылымдары» тарауы бойынша: - «ПМУ хабаршысы» журналы. 2. Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының орынбасары Н.Б. Қалабаевқа жүктелсін. Төраға Т. Балықбаев
|