Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Ресми құжаттар   / Бұйрықтар   / 2007 ж. 4 шілдедегі N 699 Комитет бұйрығы 
2007 ж. 4 шілдедегі N 699 Комитет бұйрығы
«Диссертациялардың негізгі ғылыми   нәтижелерін 
  жариялайтын басылымдар   Тізбесін бекіту туралы»  
 2003 жылғы   26 маусымдағы N 433-3ж бұйрығына    
 толықтырулар енгізу туралы 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті Алқасының 2007 жылғы 27 маусымдағы шешімі негізінде (N 6-хаттама) БҰЙЫРАМЫН:

1. «Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N 433-3ж бұйрығына төмендегідей толықтырулар енгізілсін:

1) «14.00.00 – Медицина ғылымдары» тарауы бойынша:

- «Батыс Қазақстан медицина журналы» журналы;

2) «13.00.00 – Педагогика ғылымдары» тарауы бойынша:

- «Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының хабаршысы» журналы;

3) «09.00.00 – Философия ғылымдары», «22.00.00 – Социология ғылымдары», «23.00.00 – Саяси ғылымдары» тараулары бойынша:

- «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналы;

4) «09.00.00 – Философия ғылымдары», «23.00.00 – Саяси ғылымдары», «07.00.00 – Тарих ғылымдары» тараулары бойынша:

- «Қоғам және дәуір» журналы.

2. Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының орынбасары Н.Б. Қалабаевқа жүктелсін.

  Төраға                                Т. Балықбаев    

 

 

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz