«Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N433-3ж бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті Алқасының 2007 жылғы 28 наурыздағы (N3 хаттама) шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. «Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N433-3ж бұйрығына төмендегідей толықтырулар енгізілсін: 1) «12.00.00 – Заң ғылымдары» тараулары бойынша: «ҚР ІІМ Қарағанды заң институтының Хабаршы-Вестник» журналы; 1)«08.00.00 – Экономика ғылымдары» тараулары бойынша: Аймақтық даму институтының «Аймақтық даму жаршысы» журналы; 2) «01.01.00 - Математика» тараулары бойынша: - «Еуразиялық математикалық журналы» журналы. 2. Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының орынбасары Н.Б. Қалабаевқа жүктелсін. Төраға Т. Балықбаев
|