|
«Диссертациялардың негізгі ғылыми
нәтижелерін жариялайтын басылымдар
Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы
26 маусымдағы № 433-3ж бұйрығына
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының 2008 жылғы
25 қыркүйектегі (№ 10 хаттама) шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫН: «Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы № 433-3ж бұйрығына төмендегідей толықтырулар енгізілсін:
1) «09.00.00 – Философия ғылымдары» саласы бойынша:
- «Ақиқат» журналы.
2) «06.00.00 – Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «16.00.00 – Мал дәрігерлігі ғылымдары» саласы бойынша:
- Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің «Ғылым және білім» атты ғылыми-практикалық журналы. Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары Г.Қ. Құлжановаға жүктелсін.
Төраға Н. Қалабаев
|