Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Жаңалықтар  
Жаңалықтар
10.11. 2008
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2008 жылы 31 қазанда Алматы қаласында жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау жүйесін жетілдіру жөніндегі мәселелер бойынша аймақтық жиын өткізілді. Жиын Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғимаратында өткізілді.
Толығырақ...
05.09. 2008
2008 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде ҚазТЕСТ жүйсінің тұсаукесер рәсімі өтті
Толығырақ...
31.05. 2008
2008 жылғы 1-10 маусым аралығында республика бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу өткізіледі. Биылғы жылы жалпы орта білім беру ұйымдарын барлығы 139 853 мектеп бітіруші, оның ішінде 83 195-і қазақ тілінде, 56 658-і орыс тілінде аяқтайды.
Толығырақ...
23.05. 2008
2008 жылғы 25-30 мамырда Мемлекеттік аралық бақылау ережесіне сәйкес республиканың 58 жоғары оқу орнында оқытудың күндізгі және сырттай оқыту нысанының барлық мамандықтары бойынша 2(3) курстан кейін жоғары оқу орындарының білім алушылары үшін мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) рәсімі өткізіледі.
Толығырақ...
05.05. 2008
ҚР Білім және ғылым саласындағы қадағалау комитеті диссертациялық кеңестердің нормативті құқықтық актілерінде көрсетілген аттестациялық істердің талқылануы, қаралуы, сонымен қатар диссертациялардың қорғалуы тәртібіне сәйкес,
Толығырақ...
23.04. 2008
2008 жылғы 25 сәуірде Астана қаласында ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың төрағаларымен республикалық кеңес өткізіледі
Толығырақ...
21.01. 2008
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N1385 қаулысымен Білім беру ұйымдарын аккредиттеу ережесі бекітілген (бұдан әрі - Ереже) . Ережеде мемлекеттік аккредиттеуден Қоғамдық кәсіби аккредиттеуге өту, Болон үрдісіне қосылу мақсатында білім беру ұйымдарын аккредиттеу үрдісін аккредиттеудің халықаралық үрдісімен үйлестіру қарастырылған. Аккредиттеуден өтудің еріктілігі, дербестігі, объективтілігі, жариялылығы мен анықтылығы аккредиттеудің негізгі қағидалары болып табылады. Аккредиттеуді білім беру ұйымдарының өтініші негізінде, олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан, аккредиттеу органы бес жыл мерзімге жүзеге асырады. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу білім беру ұйымдарының өз қаражаттары есебінен өткізіледі. Жоғары оқу орындары халықаралық дәрежеде танылған шетел агенттігі жүзеге асыратын халық­аралық аккредиттеуден өтуге құқылы. Заңнамада аккредиттеудің институционалдық және маман­дандырылған түрде жүзеге асырылатыны көзделген. Институционалдық аккредиттеу жалпы ЖОО-ның аккредиттелуі, ал мамандандырылған аккредиттеу жекелеген білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
Толығырақ...
27.11. 2007
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті 2007 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовтың қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыстағы Ғылыми дәрежелер беру ережелеріне өзгерістер енгізу, дәстүрлі аспирантура мен докторантураға қабылдауды аяқтау және ізденуші институтын жабу, әрекеттегі диссертациялық кеңестердің желісін оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы шешім қабылданғанын хабарлайды.
Толығырақ...
  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49 E-mail: mailbox@www.educontrol.kz