Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау   / Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттауды және өздік бағалауды ө 
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттауды және өздік бағалауды ө

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

төрағасының 2008 жылғы30 қыркүйектегі № 1127

бұйрығымен бекітілген

 

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттауды және өздік бағалауды өткізуді ұйымдастыру жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар

1. Жалпы ережелер

1. Кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттауды және өздік бағалау өткізуді ұйымдастыру жөнiндегi осы бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар (бұдан әрi - Бағдарлама және ұсынымдар), 2007 жылғы 27 шілдедегі «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы 54) тармақшасының (бұдан әрi - Заң), «Бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк аттестаттау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына (бұдан әрi - Аттестаттау ережеcі), Бiлiм және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 5 наурыздағы № 109 бұйрығымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзуді ұйымдастыру және өткізу туралы нұсқаулығына (бұдан әрi - Нұсқаулық) және білім беру ұйымдарының қызметтерін регламенттейтін білім саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзiрленген.

2. Бағдарлама мен ұсынымдар меншiк түрiне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды (бұдан әрi - ұйымдар) мемлекеттiк аттестаттаудан (бұдан әрi - Аттестаттау) өткiзу кезінде біртұрғылық пен мөлдірлікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарын аттестаттау кезінде қажеттi құжаттар тiзбесiн анықтауды бiрыңғай тұрғыдан қамтамасыз етуге арналған.

3. Аттестаттау, жалпы білім беру ұйымы бойынша және білім беру ұйымының мемлекеттік лицензиясына сәйкес білім беру қызметін жүргізуге құқығы бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі барлық мамандықтар кесімінде жүзеге асырылады.

4. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және қызмет көрсетіп жатқан халықаралық және шетелдiк бiлiм беру ұйымдары мен олардың филиалдарын аттестаттау, егер Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттарда басқаша белгiленбесе, Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарына қойылатын тәртiп және шарттар көлемiнде өткізіледі.

5. Аттестаттау барысында білім беру ұйымдарының білім беру қызметінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігі анықталады.

2. Дайындық жұмыстары

6. Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттаудың алдында уәкілетті орган жүргiзетiн дайындық жұмыстары атқарылады.

7. Дайындық жұмыстары мынадай сатылардан тұрады:

1) келесi оқу жылына арналған кестеге енгiзу мақсатында бiлiм беру ұйымдарының өтінімдерін қарастыру (аттестаттау міндетті рәсім болғандықтан кесте білім беру ұйымының тиісті өтінімдері болмаса да құрылады) және келесі күнтізбелік жылға мемлекеттік аттестаттау кестесін бекіту;

2) кестеге енгізілген бiлiм беру ұйымдарының өзiн-өзi бағалау материалдарын Ереженің 15 тармағында көрсетілгендей зерделеу (бұдан әрi – өзін-өзі бағалау материалдары) және сол бойынша қорытынды дайындау;

3) Аттестаттау комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) құрамын құру бiлiм беру ұйымдары мен аттестатталатын бiлiм беру ұйымдары қарамағына кіретін мемлекеттiк органдардың және ЖОО-ның ресми ұсыныстары бойынша құрылған «Сарапшылар жөнiндегi деректер базасындағы» кандидатураларды енгізу жолымен жүргізіледі.

Комиссия құрамына Министрлiктiң Тестiлеу ұлттық орталығының (бұдан әрi -ТҰО) өкiлi енгiзiледi.

Комиссияның құрамына кандидатураларды іріктеу бiлiм беру ұйымдарының бейiнi, даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша жүзеге асырылады.

Комиссияның төрағасы болып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (бұдан әрі-Комитет) өкiлi тағайындалады.

3. Аттестаттауды өткiзу

8. Комиссия өз қызметiнде Казақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, бiлiм беру ұйымдарының қызметтерін регламенттейтін басқа да құжаттарды басшылыққа алады (осы Бағдарламаның 1 қосымшасы).

9. Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттау мынадай тәртiпте жүзеге асырылады:

Комиссия төрағасы:

1) сарапшыларды бiлiм беру ұйымдарының өзiн-өзi аттестаттау материалдарымен және сол жөнiндегi уәкілетті органның қорытындысымен таныстырады;

2) сарапшылардың арасында бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң нақты бағыттарын тексеру жөнiндегi нақты тапсырмаларды бөледi;

3) сарапшыларды осы Бағдарламамен және ұсынымдармен, бiлiм саласындағы қажеттi нормативтiк құқықтық актiлермен, басқа да құжаттармен қамтамасыз етедi;

4) бiлiм беру ұйымдарымен кешендi тестiлеудiң рәсiмдерiн және білім алушылардың білімдерін бағалаудың басқа да түрлерін жүргізуді келiседi;

5) Жалпы комиссияның жұмысын жоспарлауды және басшылық жасауды жүзеге асырады;

6) мемлекеттік аттестаттау өткізу жөніндегі бiлiм беру ұйымдарының ғылыми кеңесiнiң кеңейтiлген отырыстарында аттестаттау комиссиясы жұмысының жоспар-кестесiн және мемлекеттiк аттестаттаудың қорытындыларын ұжымға жеткiзедi.

10. Комиссия мүшелерi:

1) мемлекеттiк аттестаттауды өткiзу мәселелерi жөнiндегi бiлiм беру ұйымдары Ғылыми кеңесiнiң кеңейтілген отырыстарының жұмыстарына қатысады;

2) бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық, әлеуметтiк базаларының (оқу ғимараттарын, зертханаларын, аудиторияларын, сыныптарын, спорттық құрылыстарын, полигондарын және т.б.), әлеуметтiк қамтамасыз ету объектiлерiнің (медициналық пункт, асхана, жатақхана), кiтапханаларының, медиатекаларының, компьютерлiк сыныптарының қойылатын ҚР МЖБС талаптарына, санитарлық және өртке қарсы күрес талаптарына сәйкестiгiн қарауды және тексерудi жүзеге асырады;

3) бөлiнген тапсырмаға сәйкес бiлiм беру ұйымдары қызметінің бағыттарына тексеру және талдау жүргiзедi;

4) лекциялар мен практикалық сабақтарға қатысуды студенттермен және профессор-оқытушылар құрамымен пікір алысуды жүзеге асырады;

5) бiтiрушi курстағы бiлiм алушыларды тестiлеуден өткiзедi және тестiлеудің жүргiзiлуiне бақылау жасайды;

6) Студенттер мен жастар және қоғамдық ұйымдар өкілдерін тарта отырып, бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары, оқытушылар мен қызметкерлері арасында ішінара сауалнама жүргiзедi;

7) Бітіруші курсте білім алушылардың білімдері мен дағдыларын (кешенді тестілеу, бақылау жұмыстары, эссе, жобалау тапсырмалары, шығармашылық тапсырмалары, шығарма) тексеру нәтижелерін талдауды жүзеге асырады.

 

11. Бітіруші курста білім алушылардың білімін және дағдысын тексеру үшін мамандықтардың оқу-әдістемелік секциялары (ОӘС) жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты пәндерінің базалық (2 пән) және бейіндік (2 пән) циклдарына кіретін 4 пәннің тізімін ұсынады және оны уәкілетті орган бекітеді.

 

Керек болған жағдайда ОӘС-тің ұсынысы бойынша пәндер тізіміне өзгерістер енгізілуі мүмкін.

4. Кешендi тестiлеудi ұйымдастыру және өткiзу

12. Кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау кезiнде Комиссия күндiзгi оқыту нысанындағы бітіруші курс студенттеріне кешенді тенстілеу (бұдан әрі-тестілеу) өткізеді.

Егер аттестатталатын мамандық бойынша сырттай немесе кешкi оқыту нысандарының әрбiр оқыту нысаны бойынша білім алушылардың саны жалпы контингент құрамының 50%-дан көбін құраса немесе күндiзгi оқыту нысанында бiтiрушi курс жоқ болса онда студенттерді тестілеу осы оқыту нысандары бойынша бiлiм алушыларға өткізіледі.

13. Аттестатталатын бiлiм беру ұйымын тестiлеуден өткiзу үшiн:

1) аттестаттау басталғанға дейiнгі 2 айдан кешiктiрмей ТҰО-ға ағымдағы оқу жылындағы мамандықтар кесiмiнде (даярлық бағыттарына), тiлдер бөлімдері және оқыту нысандары бойынша студенттер контингентi туралы нақты мәлiметтер ұсынады;

2) аудиторлялық қорды дайындауды жүргізеді;

3) комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.

14. ТҰО:

1) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау кезiнде тестiлеу жүргiзудiң технологиясын;

2) тестiлеу өткiзудiң бағдарламалық қамтамасыз етiлуiн;

3) тест тапсырмалары мен сұрақ кiтапшаларын;

4) арнайы жауап парақтарын;

5) тестiлеу рәсiмдерiне қатысушыларға арналған нұсқаулық материалдарын;

6) аттестаттау барысындағы тестiлеу өткiзу кезiнде аудиториялардағы кезекшiлерге арналған нұсқаулықты;

7) емтихан ведомостары жауап парақтарының нысанын әзірлейді.

15. Тестiлеу:

1) ҚР ЖОО-лар ұсынған және тест тапсырмаларын сараптау жөніндегі авторлық ұжымдардың талдауынан өткен пәндер бойынша тест тапсырмаларының бірыңғай деректер базасы;

2) ТҰО-да құпиялылық жағдайында дайындалған, студенттерге Комиссия мүшесі-ТҰО-ның қызметкері жеткізіп беретін арнайы емтихан құжаты болып табылатын сұрақ кітапшалары;

3) студент туралы деректер және жауаптарын ұсынуға арналған, кiру және шығу құжаты болып табылатын жауап парақтары негiзiнде өткiзiледi.

16. Тестілеу өткізу кезінде ҚР МЖБС-ның міндетті бейіндік және базалық циклдік пәндер бойынша әзірленген тест тапсырмалары пайдаланылады.

17. Тест тапсырмалары уәкілетті орган бекіткен тест тапсырмаларын сараптау жөніндегі авторлық ұжымның құрамына кіретін оқытушылардың талдауынан өтеді.

Тест материалының сапасы үшiн жауапкершiлiк ТҰО-ның бiрiншi басшысына жүктеледі.

18. Тестілеу өткiзу үшін пәндердiң саны 4; тест тапсырмаларының жалпы саны -120; бiр тестік тапсырманы тестiлеуге 1,5 минут есебiмен уақыт бөлінедi.

19. Әлеуетті ведомстволарға қарасты, сондай-ақ шығармашылық мамандықтар бойынша ЖОО-ға аттестаттау жүргізу кезінде білім сапасы, іскерлік және дағды кесімінде бақылаудың жалпы саны 4 болғанда, тестiлеу өткiзуге арналған пәндердің саны 2 пәннен кем болмайды. Қалған 2 пәннен шығармашылық емтихандары жүргізіледі.

20. Тестiлеудiң нәтижелерi мамандықтар бойынша ведомость және «Бiтiрушi курс студенттерiн тестiлеудiң нәтижелерi» жиынтық құжаты түрiнде берiледi.

21. Комиссия төрағасы аттестатталатын бiлiм беру ұйымының басшысымен бiрлесе отырып, аттестаттау басталғанға дейін 5 күн қалғанда бiлiм алушыларды тестiлеу кестесiн келiседi.

22. Студенттердi тестiлеудi тiкелей комиссия мүшелерi жүзеге асырады. Комиссия төрағасы және мүшелерi аудиториялардағы тәртiптi қамтамасыз етедi.

23. Комиссия төрағасы тестiлеу күнi:

1) аттестатталатын бiлiм беру ұйымының қызметкерлерiнен аудиториялар бойынша бөлiнген кезекшiлердiң тiзiмiн бекiтедi және Комиссия мүшелерiн аудиторияларға бекітеді.

Тестiлеу материалдарына кiргiзiлген пәндер бойынша сабақ беретiн оқытушыларды кезекшiлікке тағайындауға болмайды;

2) тестiлеу рәсімдерiн бақылайды;

3) тәртiп бұзушылықтар анықталған жағдайда жедел шешiм қабылдайды.

24. Тестілеуге қатысатын студенттердің тiзiмiне сәйкес тестiлеуге қатысқандар мен келмегендердiң нақты саны анықталады.

Тестілеу тестiлеуге қатысатын студенттердiң жалпы санының 95%-ы қатысқан кезде ғана жүргiзiледi.

Тестілеуге тестіленетін студенттер жалпы санының 5%-нан көбi себепсiз келмеген жағдайда, келмеген студенттерге емтихандар ведомосына «0» балл қойылады.

25. Тестiлеуге келген студенттердің өздерiмен бiрге куәлігі, студенттiк билеттерi немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттары болуы керек.

26. Тест материалдарының пакетi Комиссия мүшесінің, білім беру ұйымы уәкілінің және аудитория бойынша кезекшілердің қатысуымен кестеге сәйкес тестілеу өткізу уақытында студенттердің алдында ашылады.

Әр студент тест материалдарының жинағын (жауап парағы мен сұрақ кiтапшасы) алады.

27. Тестілеу аяқталғаннан кейiн кезекшiлер жауап парағының болуын және оны толтырудың дұрыстығын тексерiп барып тест материалдарын қабылдайды. Материалдар Комиссия мүшелерiнiң қатысуымен қабылданады.

Студент сұрақ кітапшасы мен жауап парағын тапсыруға мiндеттi. Пайдаланылған сұрақ кiтапшалары өңделу мен талдаудан кейiн алдағы бiлiм сапасын басқару жөнiндегi жоғары оқу орны iшiлiк жұмыстары үшiн бiлiм беру ұйымының басшысына берiледi.

28. Жауап парақтарын есептеу маркерлiк сканердiң көмегiмен жүргізіледі.

Сканерлеу процесі аяқталғаннан кейiн, арнайы кешендi бағдарламамен бiлiм алушылардың тестiлеу нәтижелерiн өңдеу рәсiмi жүзеге асырылады.

Тестілеу нәтижелерін сканерлеу мен өңдеу Комиссия төрағасының, ТҰО-дан комиссия мүшесі және аттестатталушы білім беру ұйымының өкілінің қатысуында жүзеге асырылады.

Комиссияның 1-2 мүшесi және аттестатталатын жоғары оқу орнының тиiстi маманы жеке алынған пән бойынша тексеру жөнiндегi сарапшылар комиссиясының құрамына енедi.

29. Кешенді тестілеу өткізу барысында студенттерден тест материалдарының сапасы мен дұрыстығы жөнінде сұрақ кітапшасының бірінші бетінде көрсетілген шағым түскен жағдайда комиссия құрылып апеляция өткізіледі.

Апелляция жүргізу жөніндегі комиссияның құрамына Комиссияның 1-2 мүшесi және аттестатталатын ЖОО-ның тиiстi маманы кіреді. Комиссияның шешімі апелляция жүргізу жөніндегі комиссия отырысы хаттамасында көрсетіледі. Апелляция нәтижесін деректер базасына енгізуге Төраға және комиссия мүшелері қолдарын қойған хаттамаға комиссия шешімі жазылғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

Тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін бір тәулік ішінде апелляция жүргізіледі.

30. Мамандықтар бойынша бiтiрушi курс студенттерiн тестiлеу нәтижелерiнiң ведомстары және «Бiтiрушi курс студенттерiн тестiлеудiң нәтижелерi» біріктірілген құжаттары (бұдан әрi - Тестiлеудiң нәтижелерi) 3 данада (бiрiншiсi - Комиссия үшiн, екiншiсi – БТМСҰО үшін, үшiншiсi - аттестатталатын жоғары оқу орны үшiн) берiледi.

Тестiлеудiң нәтижелерi туралы ведомостардың бiр данасы міндетті түрде уәкілетті органға берiледi.

Бiтiрушi курс студенттерiн тестiлеудiң қорытынды ведомостарында оқыту тiлiне және нысанына қарамастан әр мамандық бойынша, оң бағалардың жалпы пайызы көрсетiлуi керек.

Барлық ведомостарға Комиссия төрағасы мен БТМСҰО-дан комиссия мүшесi қол қояды.

31. Тестiлеудiң және бiлiмдердi бақылаудың басқа да нысандарының нәтижелерi емтихан ведомостары түрiнде бiлiм беру ұйымының басшысына берiледi.

32. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының бiлiм беру сапасын мониторингiлеу және рейтингiсiн, даярлау бағыттары мен мамандықтарын анықтау үшiн студенттердi тестiлеудiң нәтижелерi туралы ақпараттар уәкілетті органның локалдық есептеу жүйесiнiң деректер базасына енгiзiледi.

33. Аттестатталатын жоғары оқу орнының студенттерiне БТМСҰО қызметкерлерiнің қатысуымен алдын ала сынақ түрiнде тестiлеу өткiзуге рұқсат етiлмейдi.

34. Мемлекеттiк аттестаттау және мамандықтар бойынша бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезінде қойылатын білктілік талаптарының сақталуын тексеру нәтижелерi туралы анықтамалардың негiзiнде Комиссия төрағасы 2 дана «Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудың қорытындылары туралы тұжырымдама» (бұдан әрi - Тұжырымдама) әзiрлейдi.

Жоғары оқу орынын аттестаттаудың қорытындылары туралы тұжырымдаманың бiр данасы мiндеттi түрде уәкілетті органға тапсырылады.

Мамандықтар бойынша анықтамаларды жауапты комиссия мүшелерi дайындайды және қол қояды, оған осы Бағдарламада қарастырылған барлық бөлiмдерді енгiзеді.

35. Тұжырымдамаға Комиссия төрағасы және барлық комиссия мүшелерi қолдарын қояды және танысып қол қою үшiн бiлiм беру ұйымының бiрiншi басшысына ұсынылады.

Тұжырымдаманың бiр данасы бiлiм беру ұйымының бірінші басшысына берiледi.

36. Тұжырымдаманың негізгі мәтiнінiң көлемi, әдетте, қосымшаларды есептемегенде 40 беттен аспайды.

Тұжырымдамаға кесте түрiндегі мынадай қосымшалар қоса беріледі:

Ж-1. ЖОО қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi;

Ж-2. ЖОО оқу және ғылыми бөлiмшелерiнiң құрылымы;

Ж-3. ЖОО ректоратының құрамы туралы мәлiмет;

Ж-4.1-4.3. Оқыту нысандары бойынша студенттер контингентi туралы мәлiметтер;

Ж-5. ЖОО ПОҚ-тың сандық және сапалық құрамы;

Ж-6. ЖОО-ның мамандықтар (даярлау бағыты) бойынша қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi;

Ж-7. Бiтiрушi курс студенттерiн тестiлеудiң нәтижелерi;

Ж-7.1. Аттестаттаудың алдындағы жылғы 2 (3) курс студенттерін аралық мемлекеттік бақылаудың нәтижелері;

Ж-7.2. Соңғы 3 жылғы бірінші курсқа қабылданған студенттердің ҰБТ нәтижелері;

Ж-8. Бiлiм беру процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын жайлар мен ғимараттар туралы мәлiметтер;

Ж-9. Бiлiм беру процесiнiң мамандандырылған және зертханалық жабдықтармен қамтамасыз етiлуi туралы мәлiметтер.

Нотариалды бекiтiлген құрылтайшылық құжаттарының көшiрмесi, лицензия және лицензияға қосымшалар; бiлiм алушыларды тестiлеудiң нәтижелерi және Тұжырымдамада мәлiметi келтiрiлген басқа да материалдардың көшiрмелерi қоса берiледi.

 

5. Бақылау жұмыстарын (тапсырмаларын) өткізу

37. Комиссия жеке мамандықтар бойынша бақылаудың басқа түрлерін (бақылау жұмыстары және т.б.) жүзеге асыруға құқылы.

Егер бітіруші курста білім алушылары бар барлық кәсіптік жоғары білім беру мамандықтарының саны 5-тен кем болса, онда бақылау жұмысы күндізгі оқыту нысаны бойынша студенттерінің саны ең көп бір мамандық бойынша өткізіледі.

Бітіруші курста білім алушылары бар барлық кәсіптік жоғары білім беру мамандықтарының саны 5-тен 12-ге дейін болса, онда күндізгі оқыту нысанындағы студенттерінің саны ең көп және ең аз екі мамандық бойынша бақылау жұмысы өткізіледі.

Егер бітіруші курста білім алушылары бар кәсіптік жоғары білім беру мамандықтарының саны 12-ден артық болса, онда күндізгі оқыту нысанындағы студенттердің саны ең көп, орташа және ең аз үш мамандық бойынша бақылау жұмысы өткізіледі.

38. Күндізгі оқыту нысанының бітіруші курсында білім алушылардың білімдері мен іскерліктерін бақылаудың барлық түрлері жүзеге асырылады.

Күндізгі оқыту нысанында бітіруші курста білім алушылар болмаған жағдайда немесе кешкі және сырттай оқыту нысандарында білім алушылардың саны жалпы контингенттің 50%-нан көп болғанда, осы оқыту нысандары бойынша да білім алушылар кешенді тестілеу мен бақылау жұмыстарын орындайды.

39. Аттестаттау басталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын білім алушылар жазбаша бақылау жұмысын орындайтын мамандықтардың тізбесін Комитет анықтайды.

40. Білім алушылардың білімдері мен іскерліктерін бақылау аттестаттау басталғанға дейін 20 күн бұрын уәкілетті орган анықтайтын бейіндік 4 пәннің біреуі бойынша орындалады.

41. Бақылау жұмыстарын жүргізгенде оқу-әдістемелік секциясының бақылау тапсырмаларының қоры, ҚР МЖБС–ның талаптарына сәйкес оқу-әдістемелік секцияның сараптамасынан өткен Комитеттің, ТҰО-ның өз қорлары пайдаланылады.

42. 4 пәннің әрқайсысы бойынша 300-350 сұрақтан тұратын сұрақтар тізбесі тиісті оқу-әдістемелік секцияларда құрастырылады және сараптау комиссиясының тұжырымдасымен бірге уәкілетті органға бекітуге ұсынылады. Мамандықтарға байланысты теориялық сұрақтардың орнына практикалық есептер де енгізілуі мүмкін.

43. Бақылау жұмысы үшін арнайы жауап парағының нысанын Комитет әзірлейді және бекітеді. Жауап парағы студент туралы деректі және оның жауабын көрсететін ресми құжат болып табылады.

44. бейіндік 4 пәннен іріктеліп алынған пән бойынша бақылау тапсырмаларының 10 нұсқасын жасауды тиісті оқу-әдістемелік секциясы жүргізеді және нұсқасын таңдау үшін аттестаттаудың басталуына 10 күн қалғанға дейінгі мерзімде Комитетке ұсынады.

Әрбір нұсқа 50 емтихандық билеттен тұрады (емтихандық билеттерде 5 сұрақтан). Бақылау тапсырмаларының таңдап алынған нұсқалары және жауап парақтары бар пакет жабылып сырты мөрленген күйде комиссия төрағасына беріледі.

45. Бақылау жұмыстарында студент 5 сұраққа жазбаша жауап береді. Студенттерге бақылау жұмысын орындау үшін 75 минут уақыт беріледі.

Сұраққа жауап беруді аяқтаған студенттер емтихан билеттерін мен жауап парақтарын аудиториядағы комиссия мүшесіне тапсырады.

46. Студенттердің бақылау жұмыстары шифрланады (студенттердің аты жөні көрсетілмейді). Комиссия төрағасы комиссия мүшелерімен бірге жазбаша жұмыстарды титулдық параққа және қосымша-параққа арнайы кодтар қою арқылы шифрлайды.

Шифлау рәсімі ЖОО өкілінің қатысуымен өтеді. Шифрлаудан кейін студенттердің тізімі кодтармен бірге комиссия төрағасында сақталады, ал студенттердің кодталған жұмыстарын комиссия тексереді. Тексеру біткеннен кейін комиссияның төрағасы жұмысты дешифрлауды жүргізеді. Бұл жағдайда комиссия мүшелері мен ЖОО өкілдері үшін бақылау жұмыстарын орындаушылардың аты жөндері жасырын сақталады.

47. Аттестаттау комиссиясының төрағасы бекіткен бірлескен комиссия жүргізілген бақылау жұмыстарын тексеруді және оларды төрт балдық жүйе бойынша бағалауды жүргізеді. Бірлескен комиссияның құрамына: аттестаттау комиссиясының екі мүшесі, сонымен қатар білім беру ұйымының бір оқытушысы кіреді.

Үш және одан көп сұрақтарға дұрыс жауап берілген жағдайда студент оң баға алады.

48. Жазбаша жұмыс үшін, егер:

- студент білім мен іскерлік теориясын толық меңгерумен бірге оларды практикада қолдана білсе; тапсырмаларды орындаудың альтернативті жолдарын табуға қабілетін, берілген облыста кең көзғарасын көрсетсе және өзінше оқыған материалдарды келтірсе;

- бақылау жұмысын мінсіз орындағаны үшін, яғни; егер:

а) барлық тапсырмалардың шешімі дұрыс болғанда;

б) барлық іс әрекеттері және түрлендірулері қатесіз, дұрыс орындалса, тапсырмалардың орындалу барысын жазуы ретті болғанда «өте жақсы» деген (дәстүрлі жүйе немесе кредиттік жүйе бойынша (А,А- немесе 90-100%) баға қойылады.

«Өте жақсы» деген бағаны пән бойынша жақсы білімі болғанда және бір-екі өрескел емес қате жіберілсе де қоюға болады.

49. Жазбаша жұмыс үшін, егер:

- студент міндетті оқу материалдарын ғана меңгергенін көрсеткен жағдайда. Ол оны қайта жаңғырта және практикада қолдана алса «жақсы» деген (дәстүрлі оқыту жүйесі немесе кредиттік оқыту жүйесі бойынша (В+,В, В- немесе 75-89%) баға қойылады.

50. Жазбаша жұмыс үшін, егер студент тапсырманың 60%-нан көбін орындаған жағдайда. Ол оқу материалдарынан үзінді білім көрсетсе «қанағаттанарлық» (дәстүрлі оқыту жүйесі немесе кредиттік оқыту жүйесі бойынша(С+,С, С-, Д+, Д немесе 61-74%) деген баға қойылады.

Келесі жағдайларда:

а) егер жұмыс оң деп бағаланса, бірақ өрескел бір қате және бірден көп емес және өрескел емес қате болса;

б) өрескел бір қате және бір-екі кемшілік болса;

в) өрескел қате болмаса, бірақ екіден төртке дейін кемшілік табылса;

г) екі өрескел емес қате болса және үштен көп емес кемшілік болса;

д) қате болмаса, бірақ үштен көп кемшілік болған жағдайда «Қанағаттанарлық» деген баға қойылады.

Cтудентке жұмысты толық орындамаса да, ол бес сұрақтың төртеуіне өрескел қатесіз жауап берсе, «Қанағаттанарлық» деген баға қоюға болады.

51. Қателердің саны қанағаттанарлық баға қоюға болатын мөлшерден артып кетсе немесе студент екі не одан да көп сұрақтарға дұрыс жауап бермесе «Қанағаттанарлық емес» деген баға қойылады.

Егер студент тапсырманы 60%-дан кем орындаған жағдайда (тиісінше рамалық параметр Ғ немесе 60%-дан кем кредиттік оқыту жүйесі бойынша) «Қанағаттанарлық емес» деген баға қойылады.

52. Мамандықтар бойынша бiтiрушi курс студенттерiн бақылау жұмыстарының нәтижелерi туралы ведомостары және «Бiтiрушi курс студенттерi бақылау жұмыстарының нәтижелерi» біріктірілген құжаттары 2 данадан (бiрiншiсi - Комиссия үшiн, екiншiсi - аттестатталатын жоғары оқу орны үшiн) берiледi.

53. Студент бақылау жұмыстарының қорытындысы хабарланғаннан кейін жоғары баға алу үшін бір сөтке мерзімде шағымдануға құқылы. Шағымдануды қарау кезінде студентке комиссия мүшелерінен және оқу орнының оқытушыларынан құрылған шағымдану комиссиясының алдында өзінің бақылау жұмысын ашық қорғауға мүмкіндік беріледі.

Шағымдану қорытындысы бойынша соңғы бағалары көрсетілген, шағымдану комиссиясының барлық мүшелері қол қойған хаттама жазылады.

6. «Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудың қорытындылары туралы тұжырымдаманың» құрылымы мен мазмұны

6.1 Бiлiм беру ұйымдарының жалпы сипаттамасы

Бөлiмде білім беру ұйымының тарихы және құрылу уақыты туралы; лицензиясымен (қосымшасының көшірмесімен) сәйкес іске асыратын даярлау бағыттары мен мамандықтары, оның ішінде қазақ тілінде де; кандидаттық және докторлық дисертацияларды қорғау жөніндегі мамандандырылған кеңестердің, PhD докторларын даярлаудың болуы (болмауы) туралы ақпараттар енгізіледі.

Құрылымдық бөлімдері туралы (филиалдарының, біліктілік арттыру институттары мен факультеттерінің, лицейлердің, колледждердің, салалық, проблемалық зертханаларының болуы); ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау және жетілдіру бойынша ЖОО-ның қызметі туралы мәліметтер келтіріледі.

ЖОО-да мемлекеттік тілде мамандар даярлау бойынша, мемлекеттік білім беру бағдарламаларын іске асыру, тілдердің қызмет етуі және дамуы жөнінде, ЖОО-ның құрылымдарының, нысанының және басқару әдістерінің, Қазақстан Республикасындағы дене тәрбиесі мен спорттың дамуы бойынша ЖОО-да қабылданған шараларға сараптау жүргізіледі.

Білім беру ұйымы комиссияға тексеру үшін мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде мынадай материалдарды ұсынады (бұдан әрі- материалдар):

Құрылтайшылық құжаттары және білім беру ұйымының iшкi тәртiптерін регламенттейтін құжаттар, басқару құжаттары, оның iшiнде:

1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу/қайта тiркеу туралы куәлiк (бiлiм беру ұйымдарының толық атауы, құрылған жылы, заңды мекен-жайы, электрондық адресi, телефоны, факсi);

2) статистикалық картасы;

3) құрылтайшылық шарты, бiлiм беру ұйымының жарғысы;

4) бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығын беретін лицензиясы (лицензияның нөмiрi, берiлген күні) және оның қосымшалары;

5) оқу үрдісі үшiн отырған жайға жекеменшiк немесе заңды тұлғаның жылжымайтын мүлiктi жедел/сенiмдi басқару құқығын, арендаға/жалға алуын растайтын құжаттары; ғимараттардың техникалық паспорты және схема-жоспары;

6) бiлiм беру үрдісі үшiн жайды пайдалануға берiлген мемлекеттiк өртке қарсы және санитарлық эпидемиологиялық қызметтердiң қорытындылары мен анықтамалары;

7) медициналық қызмет көрсету және тамақтандыру пунктерімен қамтамасыз етілуін растайтын құжаттар;

8) кiтапхана қорының оқу, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиеттермен, оның iшiнде электрондық және магниттiк тасымалдағыштардағы оқу-әдiстемелiк әдебиеттерімен, қамтамасыз етiлуiн растайтын құжаттар;

9) бiлiм беру ұйымының құрылымы және құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелер;

10) бiлiм беру ұйымын дамытудың болашаққа жоспарлары;

11) соңғы үш жылдағы сабақ кестелерi;

12) iстер номенклатурасы;

13) оқытушылар мен қызметкерлердiң штаттық кестесi мен лауазымдық нұсқаулықтары;

14) оқу үрдісiн ұйымдастыру жөнiндегi iшкi нормативтiк және басқару құжаттары, ережелер, регламенттер;

15) Ғылыми кеңестiң, ректораттың, оқу-әдiстемелiк бiрлестiктiң, ғылыми-әдiстемелiк кеңестiң, кураторлар кеңесiнiң, студенттер кеңесiнiң және басқа да құрылымдық бөлiмшелерінің жұмыс жоспарлары мен отырыстарының хаттамалары, басқа да жоспарлаушы құжаттамалары;

16) оқыту нысандары бойынша мамандықтар кесiмiнде студенттер контингентi туралы (бюджет, грант, несие және ақылы негiзде, мемлекеттiк тiлде оқитын студенттердiң үлесi жөнiнде) соңғы үш жылдағы мәлiметтер;

17) адниюктуралар, клиникалық ординатуралар және ассисентура-тәлімгерлік контингенттері туралы мәліметтер;

18) соңғы 3 жылдағы қабылдау жөнiндегi құжаттар, қабылдау комиссиясының есептерi және отырыс хаттамалары, талапкерлердiң бiлiмiн бақылаудың нысандары бойынша мәлiметтер, студенттердiң жеке iстерi, қабылдау туралы бұйрықтар, кәсiптiк бағдар беру жұмыстары туралы мәлiметтер;

19) қатаң есептегi құжаттарды беру және есепке алу туралы мәлiметтер (жоғары бiлiмі туралы дипломдардың бланктерiн беру және есепке алу кiтабы, академиялық анықтама бланктерiнің шығысы мен кiрiсiн есепке алу кiтабы);

20) соңғы 3 жылдағы статистикалық есептіліктің нысандары (3 НК нысаны);

21) магистрлiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру бағыттары бойынша бiлiм алушылардың қызметiн ұйымдаст