Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау   / Диссертациялық кеңес туралы ереже 
Диссертациялық кеңес туралы ереже

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы, N14 бұйрығымен бекітілген. ҚР БҒМ 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N796, 2005 жылғы 2 наурыздағы N126,  2007 жылғы 17 қазандағы N486 бұйрықтарына сәйкес өзгерістер енгізілген

аударып алу

                          Диссертациялық кеңес туралы ереже

            1. Диссертациялық кеңестерді құру және жұмысын ұйымдастыру

1. Диссертациялық кеңестер – ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылатын ғылыми жұмыстарды қарау жөніндегі кеңестер, жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау жүйесінің негізгі буыны болып табылады.
2. Диссертациялық кеңестерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім жєне ғылым саласындағы қадағалау жєне аттестаттау комитеті (бұдан әрі – Комитет) тиісті ғылым саласындағы жетістіктерімен кеңінен танымал, сұралып отырған мамандық бойынша докторантурасы (аспирантурасы), кафедрасы (бөлімі, зертханасы) бар және ғылыми семинар жұмыс істейтін республиканың ірі ғылыми орталықтарында, ғылыми ұйымдарында және  жоғары оқу орындарында (бұдан әрі – ұйымдар) аталған ұйымдардың өтініші негізінде құрады.
Өтініш хатта осы ұйымда диссертациялық кеңесті құру қажеттілігі мен оның жұмыс істеуі орындылығының негіздемесі көрсетілуі, сондай-ақ кеңес өз жұмысына қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілетіндігіне, диссертациялардың қаралуы мен қорғалуына қажетті қаражаттың бөлінетіндігіне кепілдік берілуі тиіс. Ұйымның диссертациялық кеңес ашу үшін ұсынатын құжаттарының тізбесін Комитет белгілейді.
Комитет диссертациялық кеңестердің қызметін бақылайды және үйлестіреді,
әр ғылыми мамандық бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 174 бұйрығымен бекітілген Ғылыми қызметкерлер мамандықтарының номенклатурасына енгізілетін өзгертулерді және басқа жағдайларды ескеріп, кеңестер желісін қайта қарап отырады.
Диссертациялық кеңестер диссертациялар сараптамасының сапасы мен әділдігіне, қабылданған шешімдердің негізділігіне жауап береді және диссертациялардың Ғылыми дәрежелер беру ережелерімен (бұдан әрі – Ережелер) белгіленген өлшемдерге сәйкестігін анықтау кезінде талапшылдықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етуді көздейді.
Диссертациялық кеңестер өздері жұмыс істейтін ұйымдардың басшыларына есеп береді және сол ұйымдардың мөрі мен бланкілерін пайдаланады. Ұйым басшылары кеңес жұмысына қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге жауапты.
Кеңес мәжілісін өткізу үшін бөлме, оргтехниканы бөлу, ізденушілердің Комитетке жіберілетін аттестациялық істерін ресімдеу, кеңестің басқа қаладағы мүшелерінің іссапарына байланысты шығындарды төлеу кеңес құрылған ұйымдарға жүктеледі. Аталған шығындарды ізденушілердің өз есебінен өндіруге жол берілмейді.
Диссертациялық кеңес мүшелері өз міндеттерін ерікті түрде төлемақысыз орындайды.
Диссертациялық кеңестерді құруға ғылыми қауымды барынша белсенді қатыстыру мақсатында оларды ашу, мамандықтары және құрамы жөніндегі мәселелер ұйымдардың ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестерінің мәжілістерінде талқылануы керек.
Диссертациялық кеңес құрамына ұсынылатын кандидатуралар бойынша ғылыми кеңестің дауыс беруі өткізілуі тиіс. Біріккен диссертациялық кеңестің құрамы бойынша дауыс беру қызметкерлері диссертациялық кеңес құрамына кандидаттар болып табылатын ұйымдарда өткізіледі.
Ұйым (базалық ұйым) басшысы құрылатын диссертациялық кеңес құрамына сайланған кандидаттардың жиналысын өткізеді, жай көпшілік дауысымен, дегенмен, диссертациялық кеңестің тізімдік құрамының жартысынан кем емес дауыспен диссертациялық кеңестің төрағасы мен төрағасының орынбасары сайланатын жасырын дауыс беруге қатысады.
Кеңес төрағасы болып кеңес құрылып отырған ұйым штатында жұмыс істейтін, кеңес профилі бойынша (авторефераты бойынша) маман – ғылым докторы, белсенді ғылыми қызмет атқарушы ғалым сайланады. Кеңестің ғалым хатшысы болып кеңес құрылып отырған ұйым штатында жұмыс істейтін, кеңес профилі бойынша (авторефераты бойынша) маман сайланады.
Ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңес мәжілісінің хаттамасы және диссертациялық кеңес төрағасы мен төраға орынбасарының кандидатуралары бойынша жасырын дауыс беру нәтижелері диссертациялық кеңес ашу жөніндегі өтініш хаттың міндетті қосымшасы болып табылады.
Кеңестердің төрағаларын, төраға орынбасарларын ауыстыруды, олардың құрамына басқа ішінара өзгертулер енгізуді кеңестер құрылған ұйымдардың өтініш хатының негізінде Комитет жүргізеді. Өтініш хатта ұсынылған барлық өзгертулер атап көрсетіледі және олардың қажеттігі негізделеді. Өтініш хатқа ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңес мәжілісінің хаттамасы және диссертациялық кеңес мәжілісіндегі жаңадан сайланған диссертациялық кеңес төрағасы мен (немесе) төраға орынбасарының кандидатуралары бойынша жасырын дауыс беру нәтижелері, жаңадан енгізілетін мамандар туралы мәліметтер қоса беріледі.
Мамандықтар тізбесін өзгерту және кеңес құрамына елеулі өзгертулер енгізу кеңесті белгіленген тәртіппен қайта бекіту арқылы жасалады.
3. Ғылым докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің құрамына тек ғылым докторлары енгізіледі. Ғылым докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғау жөніндегі кеңестер сондай-ақ, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін  диссертациялар қорғауды да өткізеді. Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің құрамына ғылым докторлары мен кандидаттары кіреді, бұл ретте ғылым докторларының жалпы саны кеңес құрамының жартысынан кем болмауға тиісті.
Тиісті мамандықтар мен ғылым салалары бойынша кандидаттық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер республикада осы мамандықтар мен ғылым салалары бойынша диссертацияларды қарайтын докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер болмаған жағдайда құрыла алады.
4. Мемлекеттік үлгідегі ғылым докторы дипломы бар басқа мемлекеттер азаматтарының ең көбі үшеуі кеңес құрамына қайта аттестаттаусыз енгізіле алады. Мұндай жағдайда мәжілістерде таратылуы шектеулі мәліметтері жоқ диссертациялық жұмыстар қаралады.
5. Комитет кеңеске әдетте бірнеше, бірақ ең көп дегенде бес мамандық бойынша диссертация қорғату құқығын бере алады.
6. Кеңес құрамы мынандай талаптарға сай болуы қажет:
1) кеңес құрамына жазбаша келісімімен авторефераттары, еңбектері бойынша (кеңестің әр мамандығы бойынша үштен көп емес) және шектес  мамандықтар бойынша (кеңестің әр мамандығы бойынша үштен көп емес) мамандар енгізіледі. Еңбектері бойынша Комитет ұсынған арнаулы ғылыми басылымдарда мамандығы бойынша жарияланған ең кем дегенде 5 ғылыми еңбегі бар ғылым докторлары енгізіледі. Шектес, яғни ғылыми мазмұны жағынан кеңес мамандығына жақын мамандықтар осы мамандықтың төлқұжатымен анықталады;
2) ғылым докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғалатын кеңестің құрамында тиісті ғылым саласының кеңестегі әр мамандығы бойынша кем дегенде  алты ғылым докторы, оның ішінде ең кемі төртеуі   – авторефераты бойынша болуы қажет;
3) ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғалатын кеңестің құрамында тиісті ғылым саласының кеңестегі әр мамандығы бойынша кем дегенде бес маман, оның ішінде кем дегенде үш ғылым докторы, олардың ең кемі екеуі – авторефераты бойынша болуы қажет;
4) Комитет қызметкерлері, Комитет Төралқасы мен сараптау кеңесінің мүшелері кеңеске мүше бола алмайды;
5) әр маман тек бір кеңестің мүшесі бола алады және бір ғылым саласы бойынша тек бір мамандық атынан өкілеттік ете алады, бұл ретте ғылым докторы ғылыми дәрежесі екі мамандық бойынша берілген кеңес мүшесіне диссертациялық кеңесте авторефераты бойынша сол мамандықтар атынан өкілеттік етуге рұқсат беріледі;
6) кеңес құрамына басқа ұйымдардан, алайда, кеңестің әр мамандығы бойынша жартысынан аспайтын мөлшерде мамандар енгізілуі мүмкін;
7) кеңес мүшелерінің саны он үштен  кем  болмауы тиіс.
7. Ғылым мен техника дамуының басым бағыттары бойынша жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау және аттестаттау үшін сұраныс туғызып отырған мамандықтар бойынша белсенді ғылыми зерттеу жүргізіп жатқан бірнеше ұйымдар ғалымдарының қатысуымен біріккен диссертациялық кеңестер құрылуы мүмкін.
Біріккен диссертациялық кеңес құрушы ұйымдар ортақ жауапкершілік және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету жағдайлары, соның ішінде қаржы жөніндегі келісімге қол қояды, өздерінің атынан Комитетке өтініш жасайтын базалық ұйымды белгілейді. Біріккен диссертациялық кеңес осы ұйымдарда жұмыс істейді деп саналады, бұл ретте базалық ұйым бірінші аталады.
Біріккен кеңестің ағымдағы жұмысына базалық ұйымның басшысы жауапты және оған кеңес басшылығы есеп береді. Комитетке жіберілетін аттестациялық істердің құжаттарына базалық ұйымның тиісті мөрі қойылады.
Базалық ұйымның басшысы кеңес жұмысының үйлестірушісі қызметін атқарады және жылына кем дегенде бір рет біріккен диссертациялық кеңеске қатысушы ұйымдардың басшыларымен оның жұмысы туралы мәжіліс өткізіп тұрады.
Біріккен кеңес құрамында кеңес құрылған базалық ұйымда қызмет істейтін, кеңестің әр саласының әр мамандығы бойынша (авторефераты бойынша бір немесе одан да көп) ғылым докторлары болуға тиіс.
Кеңес құрамы осы Ереженің талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
8. Ережелердің 18-тармағында көзделген жағдайларда диссертацияны бір жолғы қорғаудан өткізу үшін кеңес құрамына тиісті ғылым саласының кеңесте жоқ мамандығынан авторефераты бойынша ғылым докторларының қажетті саны: докторлық диссертация үшін үшеу және кандидаттық үшін екеуі енгізілуі керек. Бұл ретте бір жолғы қорғауға енгізілетін кеңес мүшелерінің саны оның құрамында бұған дейін бар тиісті ғылым саласының шектес мамандықтары бойынша ғылым докторларының есебінен азайтылуы мүмкін. Енгізілетін ғылым докторлары ресми оппонент бола алмайды. Кеңес төрағасы алдын ала Комитетке қажетті мәліметтерді қоса бере отырып, кеңес құрамына қосымша мүшелер енгізу туралы өтініш хат жібереді. Тиісті Комитет шешімін алғаннан кейін толықтырылған құрамдағы кеңес диссертацияны қорғауға қабылдауды жүзеге асырады және қорғауды өткізеді.
Бір жолғы докторлық немесе кандидаттық диссертацияны қорғау тек докторлық диссертацияларды қабылдау құқығы бар кеңестерде ғана өткізіледі.
9. Диссертациялық кеңес жариялылық жағдайда жұмыс істейді. Оның мәжілісі туралы ол құрылған ұйымның ұжымы мен ғылыми қауымның кеңінен хабарландырылады. Диссертациялық кеңестің қызметі диссертациялық кеңес құрылған ұйымның Интернет желісіндегі ресми сайтында жариялануы тиіс. Сайтта: Комитеттің диссертациялық кеңестің қызметіне қатысты бұйрықтары; кеңес мүшелері туралы мәліметтер; есептер; диссертацияларды қорғауға рұқсат етілген мамандықтар төлқұжаттары; диссертациялардың авторефераттары жіберілетін ұйымдар тізбесі; арнаулы пәндер мен жалпы курс бойынша кандидаттық емтихандардың бағдарламалары;  арнаулы пәндер мен жалпы курс бойынша кандидаттық емтихандардың өткізілу кестесі; өткізілетін қорғаулар туралы хабарландырулар мен кестелер; диссертациялардың авторефераттары жариялануы тиіс.
Кеңес өзінің бүкіл қызметімен ізденушінің дайындаған диссертациясын қорғауына барынша қолайлы жағдай туғызуы керек. Ізденушіге өз диссертациясының қорғалуына қатысты кеңестегі барлық материалдармен танысуға, диссертациясының қорғалуын ұйымдастыруға байланысты барлық мәселелер бойынша кеңес басшыларының білікті көмегін алуға мүмкіндік берілуі тиіс.
Кеңес тиісті ұйымдардан диссертацияның толық, жан-жақты әрі әділ қаралуы мен негізделген шешім шығарылуы үшін қажетті материалдарды сұрауға құқылы.
10. Диссертациялық кеңестің бір мәжілісінде бір ғана диссертация қорғалуы немесе  бір қосымша қорытынды (ұжымдық пікір) дайындалуы мүмкін.
Бір күн ішінде бір докторлық немесе екі кандидаттық диссертация қорғалады. Кеңес бір айда бір докторлық және екі кандидаттық диссертацияны қорғаудан өткізе алады.
11. Диссертациялардың қорғалу мерзімін белгілегенде ізденушілердің диссертациясын қорғауға қабылдау туралы өтінішінің түсу кезегі сақталуы қажет. Кезектен тыс қорғау құқығын диссертациясын аспирантурада оқу мерзімі аяқталғанға дейін қорғауға ұсынған аспиранттар пайдаланады.
12. Кеңес басшылары кеңес жұмысы туралы өз ұйымы мен Комитет алдында есеп береді. Кеңес күнтізбелік жыл аяқталған соң, бір ай мерзім ішінде атқарған жұмысы туралы Комитет белгілеген үлгіде Комитетке есеп береді.
13. Егер кеңес мүшесі есепті жыл ішінде мәжілістердің жартысына және одан да көбіне қатыспаған болса, онда ол тиісті диссертациялық кеңес құрамынан шығарылады.
14. Кеңестің осы Ереженің немесе Ғылыми дәрежелер беру ережелерінің талаптарын бұзуы Комитеттің тиісті шешім қабылдауына, кеңес басшылығы мен мүшелерін ауыстыруына, кеңес қызметін оның өкілеттік мерзімінен ерте тоқтатуына немесе доғаруына негіз болып табылады.
14-1. Комитет кеңесте қорғалған жұмыстар бойынша Комитет Төралқасының екі теріс шешімі болған жағдайда диссертациялық кеңестің қызметін мезгілінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.

 

2. Диссертацияның диссертациялық кеңесте алдын ала қаралуы

15. Кеңес Ережелердің 10-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген, белгіленген тізбе бойынша құжаттары түгел диссертацияны алдын ала қарауға қабылдайды және кеңестің хаттамалық шешімімен диссертация бейіні бойынша маман – кеңес мүшелерінен (ең кемі үш адамнан) құрылған комиссияға диссертациямен және ғылыми жетекшінің (кеңесшінің) пікірімен танысуды және кеңеске диссертация қорғату құқығы берілген мамандықтар мен ғылым саласына сәйкестігі, автор жариялаған еңбектерінде диссертация материалдарының баяндалу толықтығы (Ережелердің 11-тармағына сәйкес) туралы кеңеске қорытынды беруді, сондай-ақ қаралатын диссертация бойынша жетекші ұйым, ресми оппоненттер тағайындау, ал қажет жағдайларда кеңес құрамына қосымша мүшелер енгізу туралы ұсыныс жасауды тапсырады. Сонымен бірге комиссия ғылыми жетекші тағайындаудың, ғылыми кеңесші қатыстырудың, диссертацияны мамандықтардың тоғысында ұсынылуының, шектеу грифтерін қоюдың негізділігіне көңіл аударуы қажет. Диссертацияны мамандықтардың тоғысында ұсынуға әр мамандық бойынша тиісті ғылыми үлестің болуы негіз болады.

Докторлық диссертацияны қарау үстінде комиссия ізденушінің кандидаттық диссертациясының материалдары мен қорытындыларын қандай дәрежеде пайдаланғанын анықтауы тиіс. Ізденушінің кандидаттық диссертацияны қорғауда ұсынған қағидалары мен ғылыми нәтижелері докторлық диссертациясын қорғауда қайтадан ұсыныла алмайды.
Егер диссертация кеңес құрылған ұйымда орындалмаған болса, соңғысы диссертацияны осы жұмыстың профиліне сай келетін кафедраның (бөлімнің, зертхананың, ғылыми семи