Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау   / Ғылыми дәрежелер беру ережелері 
Ғылыми дәрежелер беру ережелері

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің  2003 жылғы 10 қаңтардағы, N16 бұйрығымен бекітілген. ҚР БҒМ 2004 жылғы 1 наурыздағы N159, 2004 жылғы 9 маусымдағы N535, 2005 жылғы 12 сәуірдегі N234, 2007 жылғы 17 қазандағы N485 бұйрықтарына сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. 

 

 

 

Ғылыми дәрежелер беру ережелері

 

1. Жалпы қағидалар

1. Осы Ережелер ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін бағалаудың құқықтық негіздерін және ғылым докторы мен ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған диссертациялар жауап беруге тиісті өлшемдерді анықтайды.
2. Ғылымның әр саласы бойынша ғылыми дәрежелер беру жөніндегі біртұтас мемлекеттік саясатты мемлекеттік аттестаттау органы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау жєне аттестаттау комитеті (бұдан әрі – Комитет) қамтамасыз етеді.
3. Ғылыми қызметкерлердің біліктілігін бағалауды және олардың ғылыми дәреже алу үшін ұсынған диссертацияларының белгіленген өлшемдерге сәйкестігін анықтауды диссертациялық кеңестер мен Комитет жүзеге асырады.
Комитет ғылыми дәрежелер беру жөнінде түпкілікті шешім қабылдағанға дейін ізденушілердің диссертациялары мен аттестациялық істері сараптау кеңестерінде, Комитет Алқасында, Төралқасында сараптаудан өтіп, тиісті қорытынды немесе шешім қабылданады.
Диссертациялық кеңес туралы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бекітіледі. Комитеттің Төралқасы, Алқасы, сараптау кеңесі туралы ережелер Комитетпен бекітіледі.
4. Ғылым докторы ғылыми дәрежесін ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар ізденушінің көпшілік алдында диссертация қорғауы нәтижесі бойынша қабылданған диссертациялық кеңес өтінішінің, Комитеттің тиісті сараптау кеңесінің қорытындысы және Комитеттің Төралқасы шешімінің негізінде Комитет береді.
Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі жоғары кәсіптік білімі бар маман біліктілігі немесе магистр академиялық дәрежесі бар ізденушінің көпшілік алдында дисертация қорғауының нәтижесі бойынша Комитеттің тиісті сараптау кеңесінің қорытындысы және Комитеттің Алқасы немесе Төралқасы шешімінің негізінде Комитетпен беріледі. Бакалавр академиялық дәрежесі бар тұлғалар кандидаттық диссертация қорғауға жіберілмейді.
Ғылым  докторы және ғылым кандидаты ғылыми дәрежелері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2001 жылғы 16 наурыздағы      № 174 бұйрығымен бекітілген Ғылыми қызметкерлер мамандықтарының номенклатурасына сәйкес нақты ғылым саласы бойынша беріледі.
5. Ғылыми кадрларды аттестаттау жүйесі органдарының жұмысына қатысқан Қазақстан Республикасының азаматтарында (диссертациялық кеңестердің, сараптау кеңестерінің, Комитет Алқасының, Төралқасының мүшелері) Қазақстан Республикасының ғылым докторы  немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі болуы керек.
6. Осы Ережелерде қаралмаған, ерекше жағдайларды ескеруді талап ететін мәселелерді өз құзырының шегінде, олардың Комитет Төралқасында қаралуын ескере отырып Комитет шешеді.
Осы Ережелермен реттелмеген, оның ішінде ғылыми дәрежелерден айыру (қалпына келтіру) мәселелері жөніндегі даулар  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында қарастырылған тәртіппен шешіледі.
7. Ғылыми дәрежелер беру жөніндегі түпкілікті шешімді мемлекет атынан Комитет қабылдайды.

 

2. Диссертацияларға және ізденушілерге қойылатын талаптар

8. Ғылым докторы ғылыми дәрежесін алу үшін орындалған диссертация ізденуші тиісті ғылым саласының нақты мамандығы бойынша өз бетінше (оның ішінде ғылыми кеңесші болғанда) дайындаған қолжазба түріндегі білікті ғылыми жұмыс болуы және төмендегі талаптардың біріне жауап беруі қажет:
- ірі ғылыми мәселені шешетін жаңа ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;
- пайдаланылуы ірі қолданбалы мәселені шешуді қаматамасыз ететін жаңа ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;
- жиынтығы нақты ғылыми бағыттардың дамуындағы ірі жетістік болып табылатын жаңа ғылыми негізделген теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелердің болуы.
9. Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін орындалған диссертация ізденуші тиісті ғылым саласының нақты мамандығы бойынша өз бетінше немесе ғылым докторының (ғылым кандидатының) ғылыми жетекшілігімен дайындаған қолжазба түріндегі білікті ғылыми жұмыс болуы және төмендегі талаптардың біріне жауап беруі қажет:
- маңызды ғылыми мәселені шешетін жаңа ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;
- пайдаланылуы маңызды қолданбалы мәселені шешуді қаматамасыз ететін жаңа ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;
- жиынтығы нақты ғылыми бағыттардың дамуы үшін маңызды мәнге ие жаңа ғылыми негізделген теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелердің болуы.
10. Диссертация ізденушінің өзі жазған, автордың көпшілік алдында қорғауға ұсынатын жаңа ғылыми нәтижелері мен қағидаларының жиынтығынан тұратын, ішкі бірлігі сақталған және автордың ғылымға қосқан жеке үлесін танытатын жұмыс болуы керек. Автор ұсынған жаңа шешімдер қатаң түрде дәлелденіп, бұрыннан белгілі шешімдермен салыстырғанда сыни тұрғыдан бағалануы тиіс.
Қолданбалы мәні бар  диссертацияда авторлық куәліктермен, патенттермен және басқа ресми құжаттармен расталған автордың қол жеткізген ғылыми нәтижелерінің практикада қолданылуы туралы мәліметтер келтірілуі, ал теориялық мәнге ие диссертацияда оның ғылыми нәтижелерін пайдалану жайында ұсыныстар болуы керек.
Диссертация мемлекеттік немесе орыс тілінде жазылады.
Диссертацияның ресімделуі Комитет белгілеген талаптарға сәйкес болуы қажет.
11. Диссертацияның негізгі мазмұны ғылыми, ғылыми-сараптау және ғылыми-практикалық журналдарда, жинақтар мен басылымдарда жариялануы тиіс. Автор жариялаған жұмыстардағы диссертация материалдарының баяндалу толықтығын диссертациялық кеңес анықтайды, ол бұл ретте төмендегі көрсеткіштерді басшылыққа алуы тиіс:
1) кандидаттық диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелері тізбесін Комитет бекітетін басылымдардағы кем дегенде 3 мақалада және  ғылыми конференциялар материалдарындағы 3 жұмыста (баяндамалар, баяндамалардың тезистері) жариялануы керек;
2) докторлық диссертацияның негізгі нәтижелері кемінде 30 ғылыми еңбекте, оның ішінде 10 жеке, 3 шет елдік ғылыми басылымдарда және 10 Комитет бекіткен Тізбедегі басылымдарда (кемінде бес түрлі тақырыптағы) жариялануы тиіс. Диссертацияның негізгі нәтижелерін жариялауға арналған ғылыми басылымдардың тізбесіне енгізуге арналған басылымдарға қойылатын талаптарды Комитет белгілейді.
12. Диссертация жазу үстінде ізденуші материалдарын немесе жекелеген нәтижелерін пайдаланған авторлар мен дерек көздеріне сілтеме жасауға міндетті.
Ізденуші диссертациясында өзге авторлармен ұжымдық бірлікте жазылған ғылыми еңбектердегі ойлар мен ізденістерді пайдаланған жағдайда оны дисертациясында атап өтуге міндетті.
Сондай-ақ, аталған сілтемелер ізденушінің авторластармен бірлесіп, сондай-ақ жеке-дара орындаған ғылыми жұмыстарына қатысты да жасалуы тиіс.
Ізденуші авторы мен алынған дерек көзін көрсетпей бөтен материалды пайдаланған жағдайда диссертация талқылануының қай кезеңінде екеніне қарамастан, қайта қорғау және апелляция беру құқығынсыз, қараудан алынып тасталады.
13. Диссертациясын диссертациялық кеңеске ұсынғанға дейін ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін ізденуші ғылым тарихы мен философиясы (салалары бойынша), қазақ тілі, шет тілі, арнаулы пән (мамандығы) бойынша кандидаттық емтихандарды тапсыруы тиіс.
Ғылыми дәрежелер ізденушілерін аралық аттестаттаудан өткізу тәртібін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілейді.
Орындайтын диссертациясының бағытына сай келмейтін жоғары кәсіптік білімі бар ізденуші тиісті ғылым саласының (немесе мамандықтар тобының) негізгі мазмұнын қамтитын жалпы курс бойынша қосымша кандидаттық емтихан тапсыруы керек.
Жалпығылыми пәндер, жалпы курс бойынша кандидаттық емтихандар бағдарламаларын және арнаулы пәндер бойынша кандидаттық емтихандардың типтік бағдарламаларын Комитет бекітеді.
Кандидаттық емтихандардың бағалары он жыл бойына жарамды болып есептеледі.
Орындайтын диссертациясының бейініне сәйкес келмейтін ғылым саласы бойынша (мамандықтар тобын ескере отырып) ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар ғылым докторы ғылыми дәрежесінің ізденушісі диссертациясының мамандығы бойынша кандидаттық емтихан тапсыруы тиіс, ал орындайтын докторлық диссертациясының бейініне сай келмейтін кәсіптік жоғары білімі бар ізденуші, сондай-ақ, тиісті ғылым саласының жалпы курсы бойынша кандидаттық емтихан тапсырады.
14. Медицина ғылымдары бойынша диссертация қорғауға  жоғары медициналық білімі бар маман біліктілігі немесе медицина магистры академиялық дәрежесі бар тұлғалар, мал дәрігерлігі ғылымдары бойынша  - жоғары мал дәрігерлік білімі бар маман біліктілігі немесе мал дәрігерлігі магистры академиялық дәрежесі бар тұлғалар жіберіледі.

 

3. Диссертацияларды қорғауға ұсыну және қорғау

 

 

15. Диссертация орындалған немесе ізденуші бекітілген ұйым диссертацияны алдын ала сараптаудан өткізіп, автордың диссертацияда баяндалған ғылыми нәтижелерін алудағы нақты жеке өзінің қатысын, жүргізілген зерттеу нәтижелерінің негізділігінің дәрежесін, олардың жаңалығы мен практикалық маңыздылығын, төлқұжатына диссертация сәйкес келетін мамандық атауын, диссертация материалдарының ізденушінің жарияланған еңбектерінде толық қамтылуын айқындайтын қорытынды береді.
Егер диссертациялық зерттеулер екі немесе одан да көп ұйымда орындалған болса, онда олардың әрқайсысында немесе бірлескен мәжілісінде алдын ала талқылау өткізіліп, тиісті қорытындылар диссертациялық кеңеске берілуі қажет.
Қорытынды ізденушіге диссертация алдын ала сараптауға ұсынылған күннен кандидаттық диссертация үшін екі ай, докторлық диссертация үшін үш ай мерзімнен кешіктірілмей берілуі керек.
Ізденуші диссертациясын Комитет шешімімен құрылған кез келген диссертациялық кеңеске қорғауға ұсынуға құқылы. Бұл ретте диссертацияның орындалған мамандығы диссертациялық кеңес бекітілген мамандыққа сәйкес болуы керек.
Диссертация орындалған немесе ізденуші бекітілген ұйымда алдын ала диссертацияны сараптамадан өткізу тєртібін Комитет белгілейді.
16. Диссертациялық кеңес диссертацияларды алдын ала қарауға және содан кейін қорғауға құжаттары Комитет бекіткен тізбе бойынша түгел болғанда қабылдайды.
Диссертацияны алдын ала қарау рәсімі Диссертациялық кеңес туралы ережемен белгіленеді.
17. Диссертациялық кеңестер осы кеңес жұмыс істейтін ұйымдар басшыларының (басшылар орынбасарларының) диссертацияларын қарауға қабылдауға құқықтары жоқ.
18. Диссертация мамандықтар тоғысында орындалып, ал докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі кеңеске олардың тек біреуі бойынша диссертацияларды қорғауға қабылдауға құқық берілген жағдайда, Комитет келісімімен бір жолғы қорғау өткізілуі мүмкін.
Сондай-ақ, бір жолғы қорғау жеткілікті негіз болған жағдайда докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі кеңесте бар мамандыққа жақын, бірақ өзге кеңестерде жоқ бір мамандық бойынша Комитет келісімімен өткізілуі мүмкін.
Диссертацияларды бір жолғы қорғау докторлық диссертацияларды қабылдау құқығына ие кеңестерде  ғана өткізіле алады.
Бір жолғы қорғау өткізу үшін кеңеске қосымша мүшелер енгізу тәртібі Диссертациялық кеңес туралы ережемен белгіленеді.
19. Диссертациялық кеңес ізденуші барлық қажетті құжаттарды тапсырған күннен кейін кандидаттық диссертация үшін екі ай және докторлық диссертация үшін үш айдан кешіктірмей диссертацияны қорғауға қабылдайды немесе сол мерзімде Комитетке және ізденушіге диссертацияны қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді қорытынды береді.
Диссертацияны қорғауға қабылдаудан бас тарту мәселесі бойынша диссертациялық кеңеске немесе Комитетке түскен апелляциялар белгіленген тәртіпте қаралады.
20. Кеңес рұқсатымен диссертациялар бойынша докторлық диссертация үшін екі баспа табаққа және кандидаттық диссертация үшін бір баспа табаққа дейінгі көлемде диссертация жазылған тілде қолжазба құқығында диссертациялардың авторефераты басылуы тиіс. Гуманитарлық ғылымдар саласындағы докторлық және кандидаттық диссертациялар бойынша автореферат көлемі тиісінше 2,5 және 1,5 баспа табаққа дейін көбейтілуі мүмкін. Авторефераттың ресімделуі Комитет белгілеген талаптарға сәйкес болуы керек.
Авторефератта диссертацияның негізгі ойлары, нәтижелері мен қорытындылары баяндалып, жүргізілген зерттеуге автордың қосқан үлесі, жаңалық дәрежесі мен зерттеу нәтижелерінің практикалық құндылығы көрсетілуі тиіс. Диссертацияның авторефераты диссертациялық кеңес рұқсатымен, кем дегенде 70 данамен басылады.
Автореферат диссертациялық кеңес мүшелеріне және мүдделі ұйымдарға диссертация қорғаудан бір ай бұрын таратылады. Автореферат жіберілуге тиісті адресаттар тізімін диссертацияны қорғауға қабылдап алған диссертациялық кеңес анықтайды. Бұл тізімге диссертация саласы бойынша жұмыс істейтін өзге диссертациялық кеңестер, Қазақстан Республикасының ірі және арнаулы кітапханалары, мүдделі ұйымдар мен тиісті ғылым саласының жетекші ғалымдары, сондай-ақ тиісті диссертациялық зерттеулер жүргізілген ұйымдар енгізіледі.
Авторефераттар міндетті түрде жіберілетін ұйымдардың тізімін Комитет белгілейді.Авторефераттарды жіберуді диссертациялық кеңестердің ғалым хатшылары қамтамасыз етеді және жіберілгендігі туралы мәліметтердің растығына дербес жауап береді.
21. Диссертациялық кеңес диссертацияны қорғауға қабылдағаннан кейін және кеңес авторефератты басуға рұқсат бергеннен кейін диссертация мен авторефераттың мәтініне түзетулер енгізуге жол берілмейді.
Қорғауға қабылданған диссертацияның бір данасы мен авторефераттың екі данасын ізденуші қорғауға ең кемі бір ай қалғанға дейін диссертациялық кеңес құрылған ұйымның кітапханасына (біріккен кеңесте қорғаған жағдайда құрылтайшы-ұйымның әрқайсысының кітапханасына авторефераттың екі данасын) тапсырады, онда ол Комитет кеңес шешімін бекіткенге дейін қолжазба құқығында сақталады.
22. Диссертациялық кеңестер диссертация бойынша тиісті мамандық пен ғылым саласын өздерінің келісімін берген білікті ғалымдардың ішінен ресми оппоненттер тағайындайды, бұл ретте олардың тек біреуі ғана осы диссертациялық кеңестің мүшесі бола алады.
Докторлық диссертация бойынша тиісті мамандық пен ғылым саласы бойынша ғылым докторы дәрежесі бар үш ресми оппонент тағайындалады.
Кандидаттық диссертация бойынша тиісті мамандық пен  ғылым саласы бойынша біреуі ғылым докторы, ал екіншісі ғылым докторы немесе кандидаты болып келетін екі ресми оппонент тағайындалады. Ресми оппоненттерді диссертациялық кеңес белгілей алмаған жағдайда, оларды Комитет тағайындайды.
23. Комитет Төралқасының, сараптау кеңестерінің мүшелері мен Комитет, Қазақстан Республикасы Білім және ғыл