Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Ресми құжаттарды апостильдеу бойынша қызмет көрсету стандарты 
Ресми құжаттарды апостильдеу бойынша қызмет көрсету стандарты

 

Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің
2007 жылғы 30 қарашадағы  N591 бұйрығымен бекітілген

 Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсетулер

СТАНДАРТЫ

 

 1. Жалпы ережелер

1. Осы Стандарт ресми құжаттарға апостиль қою бойынша құжаттқа қол қойған тұлғаның қолының түпнұсқасын куәландыратын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растап, мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін белгілейді. Апостильдi қою құжаттарды дипломатиялық және консулдық заңдастыру қажеттілігінен босату мақсатында Гаага конвенциясына мүше-елдердiң аумағында қолдануға арналған апостильденетiн құжаттардың түпнұсқалылығы мен тиесілі ресiмделiнуiне кепiлдiктi қамтамасыз ету болып табылады (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету).
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенцияға қосылу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 11-ІІ Заңының, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі N 545 қаулысының, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртiбi мен шарттары туралы Бiрыңғай қағиданы бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығының (мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 1536 тіркелген) негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті сыртқы емтихандар басқармасы көрсетеді (бұдан әрі –Комитет).
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қортындылану нысаны (нәтижесі) апостильденген құжатты беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – талап етуші) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күту бір сағаттан аспауы керек;
2) апостильденген құжатты алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт мерзімі бір сағаттан аспау керек.
3) Құжаттар түскен кезден бастап 3 күн ішінде қаралады, тиісті құжаттарға қосымша тексеріс қажеттігі кезінде құжаттарды қарау 15 жұмыс күніне дейін ұзартылады.
8. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің 20 пайызын құрайтын мемлекеттік баж төленеді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Комитеттің ресми сайтында (www.educontrol.kz) орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету сенбі және жексенбіден басқа барлық күндері жүргізіледі. Құжаттар 9 00 – ден 11 00 – ге дейін қабылданады, 16 00 – ден 18 00 – ге дейін құжатты ұсынушы азаматтарға қайтарылып беріледі.Алдын ала жазылу немесе жедел жүзеге асыру қолданылмайды.
11. Қызмет «Министрліктер үйі» ғимаратында көрсетіледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

 

12. Ресми құжатты апостильдеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) білім туралы құжат (түпнұсқа);
3) мемлекеттік баж салығын төленгендігі туралы түбіртек;
4) өтініш беруші жеке өзі қатыса алмаған жағдайда нотариалды куәландырылған сенім хат.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланк толтыру, өтініш беру талап етілмейді.
14. Қызмет мынадай мекен-жай бойынша көрсетіледі: Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, «Министрліктер үйі» 11-кіреберіс, 839 кабинет. Телефондар: (8-7172) 74-24-29; (www.educontrol.kz)
15. Талап етушінің мемлекеттік қызмет үшін ұсынылған құжаттары «Қойылған апостильдерді тіркеу кітабында» тіркеледі.
16. Құжаттарды беру осы Стандарттың 10 тармағында көрсетілген кесте бойынша жүзеге асырылады.Апостилденген құжатты алу үшін талап етушінің жеке өзі немесе сенім хаты бойынша өкілетті тұлға қатыстырылады.
17. Апостиль қою үшін ұсынылған құжаттар анық және айқын жазылуы, лауазымды тұлғаның қолы және мөрінің таңбасы анық көрінуі керек.
Апостиль Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттардың көшірмелеріне қойылмайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетіден бас тартуға:
1)осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық болмағаны;
2)апостиль қою үшін ұсынылған құжат дұрыс толтырылмағаны;
3)білім беру ұйымдарынан шыққан білім туралы құжаттарды растау ұсынылмағаны негіз болады.Апостиль қоюдан бас тартылған жағдайда өтініш беруші тұлғаға құжат қабылдаған күннен бастап, 10 күн ішінде дәлелді себептері көрсетіліп, жазбаша түрде қайтарылады.
Бас тартуға сотпен шағымдануы мүмкін.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

18. Комитет қызметінде құралатын қағидаттар:
1) конституциялық құқық пен адам еркіндігін сақтау;
2) қызметті атқару барысындағы заңнамалылық;
3) әдептілік;
4) жеткілікті және толық ақпарат беру;
5) құпия ақпараттар және оны қорғау.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді. 

 

 

5. Шағымдану тәртібі

 

21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажеттілігі кезінде талап етуші Комитет басшысына бара алады. (тел: (87172) 74-23-49, )
Талап етуші қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған органның қарауын қажет етсе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министріне жазбаша шағым хат жолдауына болады.
22. Шағым жазбаша түрде поштамен немесе Білім және ғылым министрлігінің кеңсесі арқылы қолма-қол мына мекен–жай бойынша жұмыс күндері қабылданады: Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, № 35 көше «Министрліктер үйі» 11 кіреберіс, 801 кабинет.
23. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне келіп түскен шағымды қарау белгіленген тәртіппен және мерзімінде Қазақстан Республикасының заңнамаларымен сәйкес қаралады.
Заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынылған өтініштер міндетті түрде қабылдауға, тіркелуге, есепке алынуға және қарауға жатады.

 

 

6. Байланыс ақпараты

 

24. Талап етушіні қабылдау Комитеттің жұмысының белгіленген кестесіне сәйкес жүзеге асады.
Облыстық және Астана, Алматы қалаларының білім департаменттерімен байланысу мәліметтері осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.








Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары
мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға
апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет
көрсетулер стандартының 1-қосымшасы

 

 

 

 

 

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

 

 

 

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1 құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)




1.2. қызмет алуды кезекте қырық минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)




2. Сапасы

2.1 қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)




2.2 құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)




3. Қол жетімділігі

3.1 қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)




3.2 тұтынушы құжаттарды толтырған және бірінші рет тапсырған оқиғалардың % (үлесі)




3.3 Интернет арқылы қолжетімді қызсеттерінің ақпарат % (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1 қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)




4.2 белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)




4.3 шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)




4.4 шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1 қызметкерлердің сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)




 


 

Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі (сайт )

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары
         мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға
         апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет
         көрсетулер стандартының 2-қосымшасы

 

 

 

 

 

Облыстық және Астана, Алматы қалаларының

 

білім департаменттері туралы мәлімет

 


 

N

Атауы

Орналасқан

мекен-жайы

Байланыс телефондары

1

Астана қаласының білім департаменті

Астана қ. Бейбітшілік көшесі № 11 үй 708 кабинет

(87172) 75-26-55

2

Алматы қаласының білім департаменті

Алматы қаласы, Республика алаңы, № 4 үй 431 кабинет

(8727) 272-11-00

3

Ақмола облысының білім департаменті

Көкшетау қаласы Сәтпаев көш. № 1 үй 305 кабинет

(87162) 25-32-95

4

Алматы облысының білім департаменті

Талдықорған қаласы Қабанбай батыр көшесі, № 26 үй

(8-7282) 27-25-91

5

Ақтөбе облысының білім департаменті

Ақтөбе қ. Әілқайырхан даңғылы, № 40 үй

(87132) 56-04-61

(87132) 56-44-21

6

Атырау облысының білім департаменті

Атырау қаласы Әйтеке би көшесі, № 77 үй

(87122) 35-43-27

7

Шығыс Қазақстан облысының білім департаменті

Өскемен қ. Карл Либкнехт көшесі, № 19 үй.

(87232) 570-144

(87232) 570-150

(87232) 570-156

(87232) 570-154

(87232) 570-158

8

Жамбыл облысының білім департаменті

Тараз қаласы, Бектұрғанов көш. № 6 үй, инд:080012

(87262) 45-23-34

9

Батыс Қазақстан облысының білім департаменті

Орал қаласы С. Есқалиев көшесі 72 үй

(87112) 260474

10

Қарағанды облысының білім департаменті

Қарағанды қ.

А. Әлиханов көш.№ 19 үй

(87212) 412243

11

Қостанай облысының білім департаменті

Қостанай қ. Әл- Фараби даңғылы, № 56 үй

(87142) 57-53-17

12

Қызылорда облысының

білім департаменті

Қызылорда қ. Қорқыт ата

24 А үй


13

Маңғыстау облысының білім департаменті

Ақтау қаласы 13 шағын аудан, № 47 үй

(87292) 42-14-60

(87292) 43-51-15

14

Павлодар облысының білім департаменті

Павлодар қаласы,

Қайырбаев көшесі, № 32 үй

(87182) 32-01-61

(87182) 32-35-00

15

Солтүстік Қазақстан облысының білім департаменті

Петропавл қаласы

Қазақстан Конституциясы көшесі № 58 үй

(7152) 36-06-81

(7152) 46-94-66

16

Оңтүстік Қазақстан облысының білім департаменті

Шымкент қаласы Республика даңғылы,

12 «а» үй, 9 қабат

(8252) 50-05-65

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49 E-mail: mailbox@www.educontrol.kz