Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Білім беру және ғылым ұйымдарын аккредиттеу   / Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялау нұсқаулығы 
Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялау нұсқаулығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 7 қарашадағы N 733 бұйрығымен бекітілген

 Файлды аударып алу (111Kb)
                           

Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу туралы
Нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу туралы осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Ғылым туралы; Қазақстан Республикасының Заңы мен "Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 421 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Нұсқаулық мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізуді нақтылайды (бұдан әрі - Аккредитация).
3. Аккредитацияны Жарғысында негізгі қызмет түрлерінің бірі ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы жұмыстарды жүзеге асыру болып бекітілген мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар ала алады.
4. Тіркелген мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялауды және тізілім жүргізуді ғылыми ұйым қызметінің негізгі көрсеткіштерінің тізбесі бойынша аккредитацияланушы ғылыми ұйымның қызметін бағалау негізінде Білім және ғылым министрлігінің Ғылым департаменті арқылы (бұдан әрі - Департамент) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі Аккредитациялаушы орган) жүзеге асырады (бұйрыққа 2-қосымша).
5. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялау мәселелерін алқалы әрі жариялы түрде қарау үшін Аккредитациялаушы орган консультативтік-кеңесшілік орган - Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады. Комиссия туралы ережені Аккредитациялаушы орган әзірлейді және бекітеді (нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес).

 2. Аккредитацияны өткізу тәртібі


6. Мемлекеттік емес ғылыми ұйым аккредитация алу үшін Аккредитациялық органға мынадай құжаттарды:
1) Аккредитациялық орган бекіткен нысан бойынша өтінішті (бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес);
2) ұйым жарғысының нотариалды расталған көшірмесін;
3) заңды тұлға ретінде ұйымның мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің көшірмесін ұсынады.
7. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар ұсынған құжаттарды қарау құжаттарды берген күнінен бастап үш айлық мерзімнен кешіктірілмей Комиссия отырыстарында жүзеге асырады. ҚР Білім және ғылым министрінің 25.05.04 ж. N 457 бұйрығымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара).
8. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдардың құжаттарын зерделеудің қорытындылары бойынша Аккредитациялаушы орган оларды аккредитациялау (немесе аккредитациялаудан бас тарту) және 5 жыл мерзімге аккредитациялау туралы куәлік беру (немесе беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды. Куәліктің нысанын Аккредитациялаушы орган бекітеді.
9. Аккредитациялау туралы куәлік немесе аккредитациялаудан бас тарту туралы шешім мемлекеттік емес ғылыми ұйымға аккредитациялау немесе аккредитациялаудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айлық мерзімде беріледі.
10. Аккредитациялау туралы куәлік беруден мына себептерге байланысты бас тартылуы мүмкін:
1) осы Нұсқаулықтың 6-тармағына сәйкес талап етілген құжаттар түгел берілмеген;
2) мемлекеттік емес ғылыми ұйым оның жарғысында бекітілген қызметтің мәні мен мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асырса; Мемлекеттік емес ғылыми ұйым көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда аккредитациялау туралы өтініш жалпы негізде қаралады.                

3. Куәліктің іс-әрекетін тоқтата тұру және тоқтату


11. Мемлекеттік емес ғылыми ұйым өзінің Жарғысында бекітілген қызметтің мәні мен мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметпен айналысқан жағдайда Аккредитациялаушы орган өзінің шешімімен алты айға дейінгі мерзімге оларға берілген аккредитациялау туралы куәліктің іс-әрекетін тоқтата тұрады.
12. Аккредитациялау туралы куәлік өзінің іс-әрекетін мынадай жағдайларда тоқтатады:
заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы;
куәліктің іс-әрекетін тоқтату себептерінің жойылмауы;
мемлекеттік емес ғылыми ұйымның куәліктің іс-әрекетін тоқтату туралы ұсынымы;
оның қолдану мерзімі аяқталғанда.
13. Аккредитациялау туралы куәлік алған немесе куәліктерінің іс-әрекеті тоқтатылған мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар туралы ақпаратты Аккредитациялаушы орган мерзімді баспасөзде жариялайды.

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49 E-mail: mailbox@www.educontrol.kz