Баптар

Жоғары оку орындарының ректорларына (10.10.12 ж., № 10-5/1681)

Жоғары оқу орындарының ректорларына

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (бұдан әрі - ОЖСБ) өткізу бойынша төмендегіні хабарлайды.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес білім беру ұйымдарында ОЖСБ білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі - МЖМБС) қарастырылған оқу пәндерін білім алушылардың меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.   
«2012 жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 459 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылы ОЖСБ бір уақытта, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық білім беру орындарында 2012 жылғы 13-15 қарашада өткізіледі.
Рәсімге дайындықтың үш бағыты бойынша білім алатын (білім беру, экономика және бизнес, құқық (16 мамандық) оқудың күндізгі нысанындағы бітіруші курс студенттері қатысады.
ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында МЖМСБ-ның міндетті компоненттерінің 2 базалық және 2 бейінді пәндері бойынша өткізіледі.
Осыған орай, ЖОО-лар аталған бағыттағы дайындық бойынша бітіруші курс студенттерінің барлығының қатысуын қамтамасыз етулері қажет.

Төраға орынбасары                                                       З. Гаипов