Мемлекеттік бақылау

Мемлекеттік бақылау

2012 жылы мемлекеттік аттестаттау 17 жоғары оқу орнында, 3 техникалық және кәсіптік білім беретін және 3 орта білім беретін республикалық оқу орнындарында жүргізілді.

2012 жылғы 1-жартыжылдықта білім беру саласындағы заңнаманың және білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын бақылауға арналған 19 жоспарлы тексеру жүргізілді.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13, 15 –баптарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

Осы құжат меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына  қарамастан мемлекеттік, салалық және нысаналы бағдарламаларды іске асыратын ғылыми ұйымдарды аттестаттауды және аккредиттеуді өткізу кезінде ғылыми ұйымдардың қызметінің тиімділігін айқындауға мүмкіндік беретін бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін арналған.

1. Осы Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастрыу және өткізу туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-і бабының 42- тармағына,  Қазақстан   Республикасы Үкіметінің  «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына сәйкес  әзірленді.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік аттестаттау барысында білім беру қызметтерінің жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігі анықталуына байланысты Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесінің (бұдан әрі - Ереже) бұрыңғы редакциясындағы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы заңнамаларын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету ережесі Ереженің жаңа редакциясынан алынып тасталды.

1. Осы Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген.